Қазақстандағы төтенше жағдай режимі - бұл форс-мажор ма?
Қандай жағдайларда бизнес үшін төтенше жағдай режимін енгізу форс-мажор деп танылуы мүмкін (еңсерілмейтін күш жағдайында)
ҚР АК-нің (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің) 359-бабына сәйкес, кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған кезде мiндеттеменi орындамаған немесе тиiстi дәрежеде орындамаған адам, егер бой бермейтiн күштiң, яғни осы жағдайлар кезiндегi төтенше және тойтаруға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, соғыс қимылдары және т.б.) салдарынан тиiстi дәрежеде орындауға мүмкiндiк болмағандығын дәлелдей алмаса, мүлiктiк жауаптылықты көтередi.
Ондай мән-жайларға, атап айтқанда, мiндеттеменi орындау үшiн қажеттi тауарлардың, жұмыстардың немесе қызмет көрсетудiң нарықта болмауы жатпайды.
Сондай-ақ, егер борышкер міндеттемені тиісінше орындау үшін өзіне байланысты барлық шараларды қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.
Төтенше жағдай міндеттемені бұзған адамның осындай жағдайлардың басталуын алдын ала болжай алмауын, ал алдын ала алмағаны - мән-жайлар мен олардың салдарларын алып тастау, болдырмау немесе еңсеру мүмкіндігінің жоқтығын білдіреді. Көрсетілген мән-жайлардан бір адам үшін Төтенше және алдын алуға болмайтын мән-жай басқа адам үшін міндетті түрде осындай болып табылмайды.
Сонымен бірге, форс-мажорды айқындау үшін келесі факторлар маңызды:
1. Өтініш берген кезде міндеттеменің бұзылуының болуы, яғни бұзушылық факт ретінде болуы тиіс. Міндеттеме формальды түрде әлі бұзылмаса немесе тек болжамдалғанда куәлік берілмеуі қажет. Соңғы жағдайда, кәсіпкерлер өз контрагенттеріне болжанып отырған немесе ықтимал бұзушылықтар (жеткізу мерзімін бұзу, жұмыстарды аяқтау немесе қызмет көрсету мерзімін бұзу) туралы хабардар етуді ұсыну қажет.);
2. Тұлғаның міндеттеменің орындалмауы(бұзылуы) мен ол сілтеме жасайтын мән-жайлар арасындағы тікелей себеп-салдарлық байланыстың болуы.
Толығырақ - форс-мажор туралы куәлікті қалай тегін алуға болады?
Связанные вопросы
Біз туралы
Өңірлік кеңес
- Өңірлік Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
- Өңірлік Кеңес отырыстарының хаттамалары
- Өңірлік кеңестің құрамы
- Туризм комитеті
- ҚҰРЫЛЫС, ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Салалық қызметтер комитеті
- АӨК КОМИТЕТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Өңдеу өнеркәсібінің салалық комитеті
- ШОБ және сауда комитеті
Бизнесті қолдау
Экспорт