Карантин кезінде Үкіметтен азық-түлік себетін қалай алуға болады?
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төтенше жағдай кезеңінде азық-түлік-тұрмыстық топтамасын алушылар тізімін кеңейтті.
Әлеуметтік-еңбек саласындағы белгілі бір мемлекеттік қызметтер көрсету ережесіне сәйкес өзгерістер және төтенше жағдай кезінде халықтың жекелеген санаттары үшін азық-түлік және тұрмыстық өнім топтамасымен қамтамасыз ету тәртібі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұйрығымен бекітілді.
Атап айтқанда, жоғарыда аталған тізімге қосымша барлық жастағы ІІІ топтағы мүгедектер және жұмыссыз азаматтар қосылды.
Енді азық-түлік – тұрмыстық топтамаларды азаматтардың келесі санаттары алады:
- Атаулы әлеуметтік көмек алушылар санынан 6-18 жас аралығындағы балалар;
- Тұрақты түрде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерден басқа 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар;
- Тұрақты түрде медициналық-әлеуметтік мекемелерде тұратын мүгедектерден басқа барлық жастағы І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер;
- Мүгедек-баланы тәрбиелеуші;
- Жұмыспен қамту жөніндегі орталықта тіркелген жұмыссыз азаматтар.
Тұлғалар тізімін мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері негізінде жергілікті атқарушы органдар қалыптастырады.
Азық-түлік-тұрмыстық топтаманың құрамы экономикалық мүмкіндіктерге қарай, бірақ екі айлық есептік көрсеткіштен төмен емес мөлшерде жергілікті атқарушы органмен белгіленеді.
Жергілікті атқарушы органдар жеткізушілермен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 22 қаулысымен айқындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасайды.
Жергілікті атқарушы органдар азық-түлік топтамаларды жоғары аталған адамдардың есеп-шотына қаражат аудару арқылы да іске асыра алады.
Жеткізушілер мемлекеттік сатып алулар туралы келісімшартқа сәйкес өнімді мекенжайға дейін жеткізеді.
Атаулы әлеуметтік көмекті алуға өтініш беру ережесімен электронды үкімет сайытнан танысуға болады.
Связанные вопросы
Біз туралы
Өңірлік кеңес
- Өңірлік Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
- Өңірлік Кеңес отырыстарының хаттамалары
- Өңірлік кеңестің құрамы
- Туризм комитеті
- ҚҰРЫЛЫС, ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Салалық қызметтер комитеті
- АӨК КОМИТЕТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Өңдеу өнеркәсібінің салалық комитеті
- ШОБ және сауда комитеті
Бизнесті қолдау
Экспорт