Менің сұрағым еліміздегі енгізілген төтенше жағдайға байланысты күнделікті табысынан айрылып қалып отырмын. Ал осы жағдайға байланысты тағайындалған 42500 тг берілмейді деп хабарлама келіп отыр. Осының не себепті екенін қалай, кімге барып біле аламын?
42500 теңге ЖҰМЫС ІСТЕП жүріп (ресми, бейресми), төтенше жағдай салдарынан сол ТАБЫСЫНАН АЙЫРЫЛҒАН адамға қарастырылған.
Бірақ егер төтенше жайғдайға дейін жұмыс (ресми, бейресми) ЖАСАМАЙ КЕЛІП, енді, беріп тұрған 42500 теңге ала салайын деп БЖТ (ЕСП) төлеудін қажеті жоқ.
Сонымен кім ала алады?
1. Жалдамалы жұмыскер, егер оны ақысыз демалысқа жіберген болса. Мемлекеттік мекемеге тарамайды.
Сіз үшін өтінішті жұмысберуші өткізу керек. Бірақ егер жұмысберушіңіз осы күнге дейін “ұйықтап” жатса, өзіңіз беру мүмкіндігін қарастырып қойдық (мекеменің БИН көрсету арқылы).
Сіз ештеңе төлемейсіз. Себебі Сіз ресми жалдамалы жұмыскерсіз.
2. Жеке тұлға. РЕСМИ жұмыс жасап жүрген. Жеке кәсіпкер (ИП), немесе ресми БЖТ (ЕСП) төлеп жүрген кәсіпкерсіз.
Егер соңғы 12 айда бір ғана әлеуметтік төлем жасаған болсаңыз, және мен төтенше жағдай кесірінен табысымнан айырылдым деп санасаңыз, - алға!
Жоғарыдағы екі мысал бойынша Сіздің зейнеткер, мүгедек, не жәрдемақы алушы болғаныңыз еш кедергі болмайды.
3. БЕЙРЕСМИ жұмыс істеген болсаңыз. Еңбек шартыңыз болмаған, ИП жоқ, БЖТ (ЕСП) төлеген емессіз ешқашан. Сіз осы күнге дейін ешқандай заңды сақтамай жұмыс істеген екенсіз. Бірақ, төтенше жағдайда, Сізге де 42500 алуға болады.
Бірақ, егер Сіз бейресми де жұмыс ІСТЕМЕГЕН болсаңыз, төтенше жағдайға дейін РЕСМИ ЖҰМЫС істемеген
зейнеткер, мемлекеттік жәрдемақы бюджеттен алушы болсаңыз, Сіздерге, кешіріңіздер, 42500 теңге болмайды. Кәмілет жасқа толмаған балаларға да болмайды.
МӘСҚ-тан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде төлемге өтініш беру үшін келесі қадамдарды орындау қажет:
1) https://42500.enbek.kz сайтына кіріңіз;
2) «42 500 жәрдемақы алу» таңдаңыз;
3) өтініш берушінің аты-жөні, ЖСН, IBAN немесе жұмыс берушінің БСН, электронды поштасы көрсетілген нысанды (форма) толтырыңыз;
4) нысанды (форма) жіберу керек;
5) жүйе телефон нөмірін сұрайды;
6) телефон нөмірін SMS арқылы жіберілген кодпен растау;
7) өтініш жіберілді.
Өтінішті өңдеп, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректерін тексергеннен кейін, өтініш беруші қабылданған шешім туралы SMS-хабарлама алады, ақпарат төлемді тағайындау және төлеу үшін МӘСҚ-қа жіберіледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда 1414 байланыс нөміріне , 8-(724-2)-908-291, 8-(724-2)-908-293 нөміріне хабарласа аласыз.
Связанные вопросы
Біз туралы
Өңірлік кеңес
- Өңірлік Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
- Өңірлік Кеңес отырыстарының хаттамалары
- Өңірлік кеңестің құрамы
- Туризм комитеті
- ҚҰРЫЛЫС, ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Салалық қызметтер комитеті
- АӨК КОМИТЕТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Өңдеу өнеркәсібінің салалық комитеті
- ШОБ және сауда комитеті
Бизнесті қолдау
Экспорт