«Нұр Жолы» шекарасында ҚХР-ға экспорттауға қатысты
Аталған өткізу пунктінде келесі жағдай орын алды: экспорт тауарымен тиелген авто көліктер 15-20 күн бойы тұр. ҚХР тәулігіне небәрі 5-6 көлікті ғана қабылдап жатыр, бұл жайт Қытай тарапында қонақүйлердің жетіспеушілігіне байланысты. Үлкен кептеліс пайда болды. Бірақ біздің тараптағы негізгі мәселе басқа. Енді ҚР шекарасын өтіп, ҚХР-дың бейтарап аумағынан өту үшін бейресми тариф пайда болды. Оның құны 3 мың АҚШ доллары. Демек Қытайға өтетін 5-6 көлік пара төлегендер. Орын алған жағдайда бұл бизнес үшін ауыр сома. Компаниямыз экспортқа бағдарланған әрі қазіргі дағдарысты кезеңде локомотив болып отыр. Сіздерден орын алған жағдайға атсалысып, бірлесіп адал кәсіпкерлердің мәселесін шешуді сұраймыз.
ҚХР-дың шекарадағы бақылау мен қазақстандық автокөлік құралдарына қойған шектеуге қатысты қабылдап жатқан шараларды ескере отырып, шекарада расымен қиын жағдай орын алған, соған байланысты үлкен кептеліс түзелген.
Meat Processing and service» ЖШС шағымы бойынша ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы атына шұғыл түрде үндей жіберілді, оған сәйкес Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы облыстық Мемлекеттік кірістер департаментіне қажетті қызмет тексеруді жүргізу тапсырылды. Тексеру нәтижесі комитетке жіберіледі.
«Meat Processing and service» ЖШС ет тиелген авто көлігі ҚХР аумағына жіберілді.
Қазіргі таңда заңсыз ситуацияларды болдыртпау, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан арандатуға жол бермеу мақсатында «Нұр Жолы» өткізу бекетінде бейне бақылаудың 4 жүйесі қондырылған, ол арқылы көлік өтуін онлайн режимде бақылауға болады, ондағы жазбалар Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік кірістер комитетінің Ситуациялық орталығына жіберіледі.
Сондай-ақ кеден бекетінде өкілетті органдардың заңсыз әрекеттері туралы Мемлекеттік кірістер департаментіне хабарлау туралы тасымалдаушылар арасында ақпараттық жұмыс жүргізілуде.
Қазіргі таңда Қытай тарапы тәулік сайын өз аумағына 10-15 машинадан ғана өткізіп жатыр. Осы ретте жүргізушілер талдау нәтижесі шыққанша көлік кабинасында 3 тәулікке жабылады. Авто көліктер мен жүк егжей-тегжейлі зарарсыздандырудан өтеді.
Отанды өнімді экспорттаушылар мәселелерін шешудің мүмкін болатын нұсқалардың бірі – оларды «Нұр Жолы» өткізу пунктіне дейін жергілікті әкімдіктің үйлестіруімен (жасыл дәліз) ІІМ жол-патрульдік қызметімен сүйемелдеу болмақ (әлеуметтік маңызы бар компаниялар тізімі бойынша).
Вернуться ко всем вопросам
Связанные вопросы
Біз туралы
Өңірлік кеңес
- Өңірлік Кеңестің мақсаттары мен міндеттері
- Өңірлік Кеңес отырыстарының хаттамалары
- Өңірлік кеңестің құрамы
- Туризм комитеті
- ҚҰРЫЛЫС, ЛОГИСТИКА ЖӘНЕ КӨЛІК МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Салалық қызметтер комитеті
- АӨК КОМИТЕТІ МҮШЕЛЕРІНІҢ ТІЗІМІ
- Өңдеу өнеркәсібінің салалық комитеті
- ШОБ және сауда комитеті
Бизнесті қолдау
Экспорт