«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Алматы облысында тері бұйымдарын таңбалау жалғасуда

2018 жылғы 25 Қаңтар
- Жетісу облысы
6516 просмотров

Кәсіпкерлер арасында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілген

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар орталығында Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әділ Әбілдаев хабарлады. Қазіргі таңда кәсіпкерлер таңбалау жүргізу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу үстінде. Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалау жүйесі жобасын іске қосу үшін ақпараттық жүйе әзірленіп мен қажетті нормативті-құқықтық актілер қабылданған.

Тері қалдықтары бар кәсіпкерлер 2017 жылдың 27 қарашасынан бастап  күнтізбелік 90 күн ішінде, ал  импорттаушылар – еркін айналымға тауарларды шығарған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде таңбалауды жүргізуі тиіс.

«Таңбалау жүйесі кәсіпкерлер үшін де, тұтынушылар үшін де маңызды, қорғанудың, яғни жасанды тауарлардан қорғанудың жоғары дәрежесі. Екі жыл бұрын Еуразиялық экономикалық одақ аясында тері таңбалауға сәйкес келісімге қол қойылған болатын. Таңбалау 3 түрден тұрады: қисық, аспалы және тігілмелі. Бұл процедуралар», – деді Әділ Әбілдаев.

Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Әсел Нұрбаеваның мәліметінше, өңірде тері бұйымдарын сатумен 10 кәсіпкерлік субеъктісі айналысады. Сарапшы осы ретте кәсіпкер тері бұйымдарын сатуға, оның ішінде көтерме сауда сатушыларынан соңғы өткізушілердің тері бұйымдарын қайта сатуы кезінде тек оларға бақылау белгілерін қойғаннан кейін шығара алатынын айтты.

Қара күзен, саз құндызы (нутрии), түлкі немесе қызыл түлкі, ор қоян немесе қоян, жанат (енот), қой терілерінен тігілген киім заттары, сондай-ақ СЭҚ ТН 4303 тауар позициясы бойынша жіктелетін, заңды тұлғалар және дара кәсіпкерлер әкелетін немесе өндіретін терінің өзге түрлерінен жасалған киімдер таңбалауға жатады. Егер бұйымның астары ғана табиғи теріден жасалған немесе тері сырт жағынан жапсырылған жағдайларда, оларды да таңбалау керек (себебі бұйым СЭҚ ТН 4303 тобына жатады).

«Сауда орындарына барып, кәсіпкерлермен кездесу барысында таңбалау жүйесі адал бәсекелестік, нарықты заңсыз сатылымнан қорғау, зияткерлік меншік  құқығын сақтау, көлеңкелі экономика көлемін қысқартуға бағытталған екенін түсіндірудеміз. Сіз таңбаланған тауарды сатып ала отырып, оның контрафакті емес екеніне көз жеткізесіз», - деп атап өтті Өңірлік кәсіпкерлер палатасының сарапшысы.

Брифинг соңында сарапшылар кәсіпкерлер арасында ақпараттық түсіндірме жұмыстары жалғасын табатынын мәлімдеді.

Анықтама үшін:

Әшекейлеу функцияларын (жаға, қайырма жаға, манжеттер, қалта қақпашалары) орындайтын терісі бар киім-кешек заттары, сондай-ақ биалай, қолғап, митенкілер, табиғи теріден жасалған бас қиімдер, жеке тұлғалардың жеке пайдалануға әкелген бұйымдары таңбалуға жатпайды. Баға саясаты бойынша тері бұйымдарына 400 теңге құн белгіленді.

Тері бұйымдарын таңбалау кезінде кәсіпкерлердің қолдану алгоритмі мынадай кезеңдерден тұрады:

 1. GS1 Kazakhstan Ассоциациясында тіркелу;

 2. Тауарларды GS1 жүйесіне қосу және GTIN нөмірін алу;

 3. http://markirovka.gov.kz/ сайтында таңбалау ақпараттық жүйесіне тіркелу, таңбалау жүйесі бойынша қажетті консультацияны 1414 телефоны бойынша алуға болады (бұдан әрі – Таңбалау АЖ);

 4. 2 деңгейлі Эмитентпен шартқа қол қою;

 5. Таңбалау АЖ-де бақылау белгісін дербестендіруге өтініш;

 6. Дербестендірілген бақылау белгілерін алу;

 7. Тері бұйымдарына бақылау белгілерін салу.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер