«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Шаруаларға арналған мемлекеттік бағдарламалар

2023 жылғы 18 Ақпан
- Ұлытау облысы
11468 просмотров

Мемлекет бүгінде ауыл кәсіпкерлерін субсидиялау мен несиелеуге үлкен көңіл бөлуде. Оның ішінде  шаруа қожалықтарын қолдау агроөнеркәсіптік кешендер мен корпорациялар жұмысының негізгі факторы болып табылады.


Ұлытау облысының Жәйрем кентінде семинар-кеңес өтіп, онда агроөнеркәсіптік кешендегі ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың 2023 жылға арналған мемлекеттік бағдарламалары түсіндірілді.
Кездесуді ұйымдастырушы – Ұлытау облысының ӨКП Қаражал қаласы бойынша филиалы.
Кездесуде  «Агронесие корпорациясы» АҚ өкілдері ауыл тұрғындарына мемлекеттік қолдау шаралары мен түрлі несиелеу бағдарламалары туралы айтып берді.

 


«Агронесие корпорациясы» АҚ Ұлытау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары Мейрам Сәбитов несиелендіру тақырыбына тоқталса, «Жаңаарқа» серіктестігінің директоры Сәулет Рымбеков «Жаңаарқа» несие серіктестігін несиелендірудің мемлекеттік бағдарламаларын тілге тиек етті. Ұлытау облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Қайрат Мұтаев Ұлытау өңірінде мал шаруашылығын дамыту жобаларын субсидиялау туралы айтты.



Семинар жұмысына Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансағымов, «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Марат Сатанов, «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ержан Бейсембаев. , Ұлытау облысының ӨКП Қаражал қаласы бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы Ерсін Нұркен, сондай-ақ ауыл диқандары қатысты.
Жиын барысында агроөнеркәсіп саласының өкілдері ауыл тұрғындарының несие беру мерзімі, бағдарлама талаптары, т.б сұрақтарына жауап берді.


Кәсіпкерлер палатасының Қаражал қаласы бойынша филиалының ұйымдастыруымен өткен жиын соңында мемлекеттік әкімшілік, жергілікті атқарушы орган басшыларының қатысуымен осындай жиындарды жиі өткізіп тұру керектігі туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер