«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысының диқандарына аграрлық мемлекеттік бағдарламалар түсіндірілді

2023 жылғы 17 Ақпан
- Ұлытау облысы
10629 просмотров

Бүгін Қаражал қаласында 2023 жылға арналған мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру жұмыстары бойынша екі уақытқа  семинар кездесу ұйымдастырылды.
 

Атап айтқанда, Қаражал қаласы мәдени сауық орталығында өткен кездесудің күн тәртібінде ұш мәселе қаралды. 


Алғашқы сұрақ «Агро-несие корпорация» АҚ 2023 жылға арналған несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламалары туралы Ұлытау облысы бойынша «Агро-несие корпорациясы» АҚ директорының орынбасары Мейрам Сәбитов баяндама жасаса, "Жаңаарқа" несие серіктестігінің несиелендіру бойынша мемлекеттік бағдарламары бойынша  "Жаңаарқа" несие серіктестігінің директоры  Сәулет Рымбеков сөз қозғады.

 Ұлытау облысы бойынша мал шаруашылығын дамытуға бөлінетін субсидиялау жобалары жайында  «Ұлытау облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары» басқармасының басшысы  Қайрат Мутаев кеңінен тарқатты.


Жиынға Қаражал қаласы әкімінің орынбасары   Досбол Кулумбетов, Жәйрем кентінің әкімі Қайрат Жансагимов, «Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ басшысы   Марат Сатанов, «Қаражал қаласының жер қатынастары, сәулет және қалақұрылысы бөлімі» ММ басшысы  Ержан Бейсембаев, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасы Қаражал қаласы бойынша филиал директорының міндетін атқарушысы Ерсін Нүркен  және қала және кент тұрғыны қатысты. Пікір алмасу форматында өрбіген кездесу барысында  көптеген сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді. 
 


Кәсіпкерлер палатасының Қаражал  қаласы бойынша филиалының ұйытқы болуымен өткен кездесу соңында мемлекеттік басқарма, жергілікті атқару органдары басшылары қатысумен мұндай берері мол кездесулер жиі ұйымдастыру қажет деген шешім қабылданды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер