«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Фермерлерге арналған «жасыл» технологиялар

2023 жылғы 09 Наурыз
- Ұлытау облысы
8739 просмотров

Шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер «жасыл» технологиялар арқылы тұтынылатын энергияның бір бөлігін үнемдей ала ма? Ауылшаруашылық кәсіпорындары кірістерді қалай әртараптандырады және өндірілетін өнімнің өзіндік құнын төмендету арқылы табыс табуға бола ма? Осы және басқа сұрақтардың жауабы жаңартылатын энергия көздері технологияларын пайдалануды жоспарлап отырған 450-ден астам қазақстандық фермер мен кәсіпкерге тренинг барысында айтылады.

БҰҰ Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Жапония үкіметінің қаржылай қолдауымен шағын және орта кәсіпорындар үшін жаңартылатын энергия көздерін енгізу және дамыту бойынша Қазақстан фермерлеріне арналған тренингтер сериясын бастайды.

Тренингте сарапшылар ЖЭК пен ылғал үнемдеу технологияларын енгізу және дамыту бойынша халықаралық тәжірибелерді бөліседі, Қазақстанның тәжірибесі, сондай-ақ АӨК шағын және орта кәсіпорындарының төмен көміртекті дамуға көшу мүмкіндіктері туралы әңгімелейді. Бұдан бөлек кәсіпкерлерге Қазақстан нарығында қолжетімді ЖЭК және ылғал үнемдейтін технологиялар бойынша жабдықтар ұсынылады.

Тренинг «Климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдайға жауап ретінде нөлдік шығарындыларға және климаттың өзгеруіне төзімді дамуға қол жеткізу үшін ұлттық деңгейде айқындалатын салымдарды пайдалану» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Еске салайық, БҰҰДБ 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарлама аясында  климаттың өзгеруіне қарсы күрес, энергия тиімділігін арттыру және энергияның таза түрлерін енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Осы бағыттағы жұмыстар таза технологияларды қаржыландыру тетіктерін әзірлеуге және кеңейтуге, көміртегіні аз мөлшерде шығаратын бизнесті дамытуға бағытталған.

Айта кетейік, шағын фермерлік шаруашылықтарда жаңартылатын энергия көздері мен ылғал үнемдейтін технологияларды енгізу жобасын Жапонияның қаржылай қолдауымен ҚР Үкіметі, БҰҰ Даму бағдарламасы және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы  іске асырып жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер