«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Маңызды жол құрылысы

2023 жылғы 19 Сәуір
- Ұлытау облысы
9557 просмотров

Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының алаңында кеңес төрағасы Думан Жаманов, Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрайымы Гүлмира Қаженованың басшылығымен Құрылыс, логистика және көлік салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға Өңірлік кеңес мүшелері қатысты. Кеңес қонақтары – «Орта Азиядағы көлік және логистика бойынша әріптестік» қауымдастығының президенті Берік Бөлекбаев, «Қазавтожол» АҚ филиалының директоры Сұңғат Рахымжанов, «Ұлытау» ӘКК төрағасының орынбасары Алмат Жүкебаев, Ұлытау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бөлімінің бастығы Нұржан Бекмұратова болды.

 Жиында «Жезқазған-Қарағанды» автожолын қайта жаңарту жобасы талқыланды. Қазіргі укезде Дүниежүзілік банктің қолдауымен Жезқазған – Қарағанды (513 км) автожолын төрт жолақты қозғалыспен 1-ші техникалық санатқа жеткізу перспективасымен қайта құру жобасы бойынша алдын ала зерттеу жүргізіліп жатыр.

Зерттеу аясында  мына мәселелерге ерекше назар аударылды: көлік секторының (оның ішінде жылжымалы құрам паркінің) жай-күйін және Ұлытау облысының логистикасын бағалау, жүк пен жолаушыларды тасымалдауды дамытуға кедергі келтіретін факторларды талдау. Көлік құралдары, жолаушылар және жүк ағындарының қозғалыс қарқындылығы қаралды. Жол төсемінің қолжетімділігі, сапасы, беріктігі мәселелері де назардан тыс қалмады.
 Сондай-ақ жол бойындағы сервис, сауда-логистикалық аймақтар, автомобиль сервисін қоса алғанда, автомобиль жолы бойындағы қосалқы инфрақұрылымның мүмкіндіктері қаралды. Халық  және қоныс аударатын жануарлардың (үй және жабайы) қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Сонымен қатар, кездесу барысында жолдарды жарықтандыру, жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату және басқа да жол белгілері мәселелері талқыланды.

Берік Раймбекұлының айтуынша, зерттеудің барлық нәтижесі Дүниежүзілік банктің есебіне енгізіліп, жобаны іске асыру жоғарыда көрсетілген ұсыныстарды ескере отырып жүзеге асырылады.

 Осы жолдың құрылысы облыстың дамуна жаңа серпін беріп, Қазақстанның орталығы, оңтүістігін байланыстыратын дәлізді құрады. Осы жаңалықтардың барлығы өңірдегі ШОБ-ты дамытуға мүмкіндік береді және жаңа жұмыс орындарын ашады. Жолаушылар мен жүк тасымалын ұлғайту жол бойындағы инфрақұрылым субъектілерін дамытуға, ең бастысы-азық-түлік пен көкөністердің бағасын ұстап тұру және тұрақтандыруға мүмкіндік береді.

 Отырыс аяқталған соң Берік Раймбекұлы «Uly Dala» ЖШС көтерме-тарату орталығы, «Ютария ltd» ПИК» ЖШС арнайы тігу кәсіпорнының жұмысымен танысып, «Транко» ЖШС көліктік-логистикалық компаниясына барды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер