«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды

2023 жылғы 04 Мамыр
- Ұлытау облысы
9934 просмотров

Бүгін Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы, Ұлытау облысының өңірлік Кәсіпкерлер Палатасы, сондай-ақ Ұлытау облысының Әділет департаменті арасында өзара ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қойылды.



Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар, Әділет департаменті басшысының м.а. Ерлан Есімов және Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрайымы Гүлмира Қаженова қол қойылған меморандумдар Палата мен өңірдің бизнес саласы және мемлекеттік мекемелер арасындағы әріптестік қатынастарды дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

Шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің жұмысындағы көптеген мәселелер көбінесе тілдік және құқықтық тақырыптарда болатынын ескерсек  құжаттарға қол қою бизнесте туындайтын мәселелерді жедел шешуге көмектеседі.

 


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз үндеуінде: "Республиканың шағын және орта бизнесін дамытуға және қолдауға “жаңа кәсіпкерлік толқын" қалыптастыруға бағытталған шаралар кешенін іске қосу қажет” деген болатын.


Қол қойылған меморандумдар мемлекеттік органдар мен бизнесті жақындастыратын болашаққа жасалған маңызды қадам.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер