«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерді қолдау құралдары

2023 жылғы 05 Мамыр
- Ұлытау облысы
10646 просмотров

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік республика мен облыс экономикасын дамытудың негізгі өзегі болып табылады.
 
Кәсіпкерлік саласының орнықты қалыптасуының арқасында өңірдің инфрақұрылымының басқа да секторлары табысты жұмыс істеуде.

 


 

- “Өңірдің бизнес-саласын қолдау құралдарының бірі әр түрлі бағыттар бойынша комитеттердің отырысын өткізу болып табылады, онда кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғайды, жауапты тұлғалардан жауаптар мен кеңестер алады,”деп атап өтті ШОБ сауда және даму өңірлік комитетінің төрайымы Тұрсынай Ибадатова.

 


 
Төрайым қатысуымен өңірлік Кәсіпкерлер палатасы жанындағы ШОБ сауда және даму өңірлік комитетінің отырысы Ұлытау облысының мәдениет, тілдерді дамыту, мұрағат ісі басқармасы мен Ұлытау облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында, сондай-ақ Ұлытау облысының Әділет департаменті мен Ұлытау облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында өзара ынтымақтастық туралы екі меморандумға қол қою салтанатты рәсімімен басталды.
 
Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы Әнуар Омар және Ұлытау облысы Әділет департаменті басшысының м.а Ерлан Есімов осындай іс-шараларды өткізу мекеме-ұйымдар мен Палата арасындағы әріптестік және достық қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететінін және кәсіпкерлердің көптеген мәселелерін шешуге көмектесетінін атап өтті.
 
Комитет отырысының екінші бөлігінде салық салу режимдері, атап айтқанда арнайы салық режимі “Бөлшек салыққа” көшу мәселелері талқыланды. Отырыс барысында кәсіпкерлер салық мөлшерін төлеуге, онлайн-маркетплейстердегі жұмыстар және басқа да сұрақтарды көтерді. Ұлытау облысы Мемлекеттік кірістер басқармасы департаментінің өндірістік емес төлемдер бөлімінің басшысы Жасұлан Жұманбаев кәсіпкерлерге арнайы салық режимін әртүрлі қызметке қолдануды егжей-тегжейлі түсіндірді.
 
Отырысты қорытындылаған Ұлытау облыстық ӨКП төрайымы Гүлмира Қаженова өңірлік кәсіпкерлер палатасы базасындағы пікірталас алаңдары алдағы уақытта да өткізілетінін атап өтті. Мұндай шаралар проблемалық мәселелерді анықтауға және оларды әртүрлі деңгейге шығаруға көмектеседі деді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер