«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытауда «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларына өтінім қабылдау басталды

2023 жылғы 20 Мамыр
- Ұлытау облысы
11010 просмотров

Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығы ұйымның өнім және қызмет сапасы саласында елеулі нәтижелерге қол жеткізу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізуі үшін (енгізілген менеджмент жүйелерінің болуы міндетті) байқау негізде беріледі.

 Байқауға Қазақстан Республикасының аумағында тауар өндіру, қызметтер көрсетумен (қару-жарақ пен әскери техника өндірісін қоспағанда) айналысатын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қатыса алады.

Байқауға мемлекеттің қатысу үлесі 50%-дан асатын ұйымдар, сондай-ақ оларға қатысты белгіленген тәртіппен оңалту және банкроттық рәсімдерін жүзеге асыру туралы шешімдер қабылданған ұйымдар қатыспайды.

 Сыйлық төрт номинация бойынша үш санатта (шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектісі) беріледі:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын»;

2) «Халыққа арналған тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын»;

3) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын»;

4) «Азық-түлік тауарларын және ауыл шаруашылығы өнімін шығаратын үздік кәсіпорын».

Байқауда «Үздік индустриялық жоба», «Үздік инновациялық жоба» арнайы сыйлықтары тағайындалады.Байқауғ қатысушылар алдыңғы үш жыл ішінде шығарылатын өнімнің немесе көрсетілетін қызметтердің жоғары сапасын растауға тиіс. Байқау жыл бойына өткізіледі және келесі негізгі кезеңдерден тұрады.

  1. Өтінімдерді 2023 жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде электронды түрде www.altynsapa.kz сайтында тапсыру қажет.

2023 жылдың 1 шілдесінен бастап өтінімдерді қабылдау тоқтатылады!

Байқауға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған байқауға қатысушылардың материалдарын ресімдеу, ұсыну және алдын ала бағалау ережесіне» (www.altynsapa.kz сайтының «Қатысу шарттары бөлімінде» орналастырылған) сәйкес өзі орналасқан жердегі өңірлік кәсіпкерлер палатасына материалдарды ресімдеп, 1 шілдеге дейінгі мерзімде тапсырады.

 Сыйлық лауреаттарына тиісті диплом, байқау эмблемасы және 450 айлық есептік көрсеткіш ақшалай сыйақы беріледі. Лауреаттар төрт жыл бойы «Алтын сапа» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

2. «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы – отандық өнімнің сапасын арттыруға және Қазақстан нарығын сапасы жоғары әрі бәсекеге қабілетті өніммен толықтыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалар қызметін жандандыру мақсатында жыл сайын өткізіледі.

 Байқау мынадай үш номинация бойынша жүргізіледі:

1) «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;

2) «Халыққа арналған үздік тауарлар»;

3) «Үздік азық-түлік тауарлары».

Әр номинация бойынша үш жеңімпаз айқындалады.

«Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы бір жыл бойы өткізіледі және келесі негізгі кезеңнен тұрады.

 1. Өтінімді «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының өткізілуіне кемінде 10 күн қалған мерзімде www.altynsapa.kz сайтында немесе өңірлік кәсіпкерлер палаталарына ұсыну қажет.

Өңірлерде көрме-байқауының өткізілу кестесі облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерімен келісім бойынша жасалады және www.altynsapa.kz сайтында жарияланады.

Байқауға қатысуға ниет білдірген заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 шілдедегі №1167 қаулысымен бекітілген «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік және республикалық көрме-байқауларына ұсынылатын материалдар мен өнімді ресімдеу, ұсыну және алдын ала сараптамалық бағалау ережесіне» (www.altynsapa.kz  сайтында жарияланған) сәйкес өзі орналасқан жердегі өңірлік кәсіпкерлер палатасына материалдарын ресімдеп, ұсынады.

 Өңірлік көрмеге қатысу байқауға одан әрі қатысудың міндетті шарты болып табылады. Өңірлік байқаудың 9 жеңімпазы ғана «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауына қатысу мүмкіндігіне ие болады.

 2. Астана қаласында республикалық көрме-байқаудың өткізілуі (қыркүйек-қазан). Көрме қорытындысы бойынша ҰКП сараптамалық тобы үш номинация бойынша 27 финалисті анықтайды.

3. Үшінші кезеңде 27 финалист (15-25 қазан аралығында) онлайн-дауыс беруге қатысады.

4. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атағын және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауынң дипломанты атағын беру жөніндегі Комиссия байқаудың 9 қатысушысына «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауының дипломанты атағын беру туралы шешім қабылдау отырысы (қараша).

 Байқау дипломанттарына диплом мен байқау эмблемасы тапсырылады. Дипломанттар төрт жыл бойы «Қазақстанның үздік тауары» байқауының эмблемасын жарнамалық мақсатта пайдалану құқығына ие болады.

«Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» байқауларының жеңімпаздарын марапаттау жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен салтанатты рәсімде өткізіледі.

Байқауларға әлеуетті қатысушыларды сайтта оқыту үшін: www.altynsapa.kz «Оқыту» бөлімінде байқауларды өткізу тәртібі және байқаулардың материалдарын ресімдеу ережелері бойынша бейнесабақтар орналастырылған.

Байқауды ұйымдастырушы ӨКП базасында тегін оқыту семинарларын өткізеді. Семинарларды өткізу кестесі биылғы наурыз айында байқау сайтында орналастырылады.

Құрметті кәсіпкерлер, сапа саласындағы байқауларға қатысуға шақырамыз. Консультация алу үшін байланыс телефондары: 8-777- 477- 88-14, 8 -777-575-04-02.

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер