«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес қауымдастықтың ынтымақтастығы және қолдауы

2023 жылғы 03 Тамыз
- Ұлытау облысы
10607 просмотров

Бүгін Ұлытау облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасында Өңірлік палата мен "Ұлытау" ӘКК АҚ арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. 


Ұлытау облыстық ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженова және "Ұлытау" ӘКК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Алмат Жүкебаев қол қойылған құжат өңірдің бизнес-қоғамдастығын қолдау мен ынтымақтастыққа маңызды қадам болатынын атап өтті. 
Меморандум іскерлік қарым-қатынастарды нығайтуға, Ұлытау облысының кәсіпкерлігін дамыту үшін тәжірибе, білім және ресурстармен алмасу үшін қолайлы орта құруға ықпал ететін болады. 
 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер