«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге қайтпек керек?

2023 жылғы 21 Қыркүйек
- Ұлытау облысы
7901 просмотров

Ұлытау өңірлік Кәсіпкерлер палатасында кеңес төрағасының орынбасары Гүлназ Омарованың төрағалығымен агроөнеркәсіптік кешен Кеңесінің отырысы өтті. Отырыс жұмысына: Ұлытау облысы ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженова, Ұлытау облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Қайрат Мутаев, Облыстық ТЖ департаментінің бастығы Есен Байыров, "АКК" АҚ облыс бойынша филиалы директорының орынбасары Мейрам Сәбитов, сондай-ақ АӨК кеңесінің мүшелері, кәсіпкерлер, АӨК жөніндегі кеңестің сарапшы-кураторы Қамшат Кунедилова қатысты.


♦️Күн тәртібіне бес сұрақ қойылды: АӨК субъектілеріне келтірілген зиянды өтеу, өскен астықты сақтау, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін жеңілдікті дизель отынын беру, астықты тасымалдау, кредиттер мен лизингтер беру.
♦️АӨК жөніндегі кеңестің жұмысы және талқылаулар барысында жобаға табиғи сипаттағы төтенше жағдай нәтижесінде АӨК субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі қағидаларды енгізу туралы шешім қабылданды, оларға: ақбөкендердің көп кіруінен келтірілген залал, бұршақ жаууының салдары, шегірткелердің қаптауы, жануарлардың аурулары және тағы басқалар жатады. Екінші мәселе бойынша, ауа – райының қолайсыздығына, ылғалдың көптігіне байланысты фермерлер жаппай егін жинауға кірісе алмайды, нәтижесінде астық жарамсыз болып қалады, ылғалдың салдарынан арамшөп өсе бастайды және егінді жойып алудан қорқады.
Проблемадан шығу жолы ретінде Кәсіпкерлерге өндіріс шығындарын жабу үшін Азық-түлік корпорациясының астығын сату мәселесін қарастыру ұсынылды.
Сондай-ақ, Кеңес мүшелері азық-түлік корпорациясы үшін өскен астықты элеваторлармен қабылдауды келісу қажеттілігі туралы айтты.
♦️Үшінші мәселе бойынша күзгі - далалық жұмыстарға арналған дизель отынының көлемін 2400 тоннадан 300 тоннаға дейін төмендету туралы шешім қабылданды, өйткені барлық операторлар толық мәлімделген көлемге қатысуға келіспейді. Осы көлемді іске асыру тәуекелдеріне байланысты.
♦️Астық тасымалдау бойынша егін жинау жұмыстары кезеңінде автокөлікті қайта тиеуге мораторий белгілеу туралы шешім қабылданды. 
♦️Кредиттер мен лизингтер желісі бойынша – пайыздық мөлшерлемені өтеумен кредиттік шарттарды 2 жылға ұзарту мүмкіндігін көздеу-6% - ға дейін. Субсидия алушыларға АӨК желісі бойынша кәсіпкерлерге көмектесетін қаржы институттарымен жұмысты жолға қою. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері осы ұйымдармен жұмыс шеңберінде бастапқыда кредиттік тарихы бұзылмай, төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі бойынша кредиттер алатын болады.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер