«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында "Бір ауыл-бір өнім" жобасы бойынша Бренд-комитетінің жеңімпаздары марапатталды

2023 жылғы 01 Тамыз
- Ұлытау облысы
8571 просмотров

Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында "Бір ауыл-бір өнім" жобасы бойынша Бренд-комитетінің жеңімпаздары марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтай отырып, Ұлытау облыстық ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженова қатысушылардың әрқайсысының өнімдерінің ерекшелігін атап өтіп, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарын табыс етті.
Барлық қатысушылардың өнімдері ерек және өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді. Біреу сүт-қышқыл өнімдерін, құрттардың әртүрлі сорттары мен түрлерін шығарады, біреу ұлттық стильде киім тігеді, эко - пастила мен жеміс чиптерін жасайтындар бар, ал үйде бұйымдар жасайтындар, балалар ойыншықтарын тоқып, сәулет декорымен айналысады. Бренд-комитет жұмысының қорытындысы бойынша: жеңімпаз болып Нәркез Алдабергенова, екінші орынды Татьяна Шанерова, үшінші орынды Жанша Айкүміс жеңіп алды.
"Бір ауыл-бір өнім" жобасы ауылдық өңірлерді қолдауға және ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған. Жобаның ерекшелігі-әр ауылдың өзіндік ерекше өнімі болуы және оны өндіріп, сата алуында. Бұл ауылдарға өзін-өзі қамтамасыз етуге және экономикалық әлеуетін жақсартуға мүмкіндік береді.
Бренд-комитеттің жеңімпазы Наркез Алдабергенова Астанадағы республикалық көрмеде Ұлытау облысының атынан қатысады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер