«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі кеңес жұмысы жалғасуда

2023 жылғы 18 Қазан
- Ұлытау облысы
9551 просмотров

Жақында облыстық прокуратурада Ұлытау облыстық ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженованың, Басқарушы директор Ғалымжан Сүтбаевтың және облыстық прокуратура қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесу барысында мобильді топтар мен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі Кеңестің жұмысы аясындағы бірлескен ынтымақтастық талқыланды.
                                      
Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес отандық бизнес пен инвестицияларды эко қорғау бойынша барлық жерде жұмыс жүргізілуде. Эко жүйесінің жұмысы шеңберінде "Атамекен" ҰКП мен Бас прокуратура арасында іс-шаралар жоспары әзірленді, сондай-ақ "Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес" құрылды.


 Бұл жұмыс республиканың барлық облыстары бойынша жүргізілуде. Кеңес Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының базасында да табысты жұмыс істеуде. Ұлытау облысы прокурорының бірінші орынбасары Асхат Примбетов Кеңестің тұрақты мүшесі. Кеңес құрылған сәттен бастап 6 отырыс өткізілді, онда кәсіпкерлердің жүйелі және жеке өтініштеріне қатысты Бизнестің 13 проблемалық сұрақтары талқыланды. Кеңестің нәтижелері бойынша 23 ұсыныс енгізілді, олар орындалу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді. 

Прокуратура қызметкерлері мен ӨКП кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшылардан құралған мобильдік топтар бизнестен келіп түскен сигнал бойынша тексеруді сол жерге барып жүргізеді. 

Хабарламаны растау кезінде прокурорлық қадағалау шаралары қабылданады. Жалпы, Ұлытау облысы бойынша 5 мобильдік топ жұмыс істейді.
Ағымдағы жылдың 9 айында кәсіпкерлерден 45 сигнал келіп түсті. Олардың 25-і расталды, қалғандары бойынша түсініктемелер берілді. Кәсіпкерлердің өтініштері бойынша 3 прокурорлық ден қою актісі енгізілді, соның негізінде 4 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер