«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Сәтбаевтағы кәсіпкерлік ахуал

2023 жылғы 27 Қазан
- Ұлытау облысы
7003 просмотров

Қала әкімі Шапағат Әубәкір және Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженованың Сәтбаев қаласының кәсіпкерлерімен бірлескен кездесуі бүгінгі таңда бизнестің көптеген проблемалық мәселелері мен қажеттіліктерін анықтауға мүмкіндік берді.
 

 

Талқылау барысында назар аударуды және одан әрі әрекет етуді қажет ететін проблемалар аз емес екені белгілі болды. Бизнес үшін инфрақұрылымды дамытуға, қаржы ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, лицензиялау және сертификаттау рәсімдерін жеңілдетуге, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсартуға және кәсіпкерлерге әлеуметтік қолдау көрсетуге байланысты мәселелерді шешу қажет. Осы және басқа да проблемалар мемлекет пен бизнес-қоғамдастықтың жедел назары мен ынтымақтастығын талап етеді. 
 Диалог барысында тараптар облыс экономикасының өсуіне және барлық тұрғындардың әл-ауқатына ықпал ететін бизнесті дамыту үшін қолайлы және тұрақты орта құру маңызды екенін атап өтті.
Сәтбаев қаласындағы Палата филиалының директоры Батырлан Таймағанбетов бүгінгі таңда қала бойынша 4615 кәсіпкер тіркелгенін айтты. Бүгінгі күні филиал кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғайды, қолдау көрсетеді, даярлауды, қайта даярлауды жүргізеді, біліктілікті арттыруға және бизнеске сервистік қолдау көрсетеді.
Сәтбаев қаласы әкімінің 2023 жылға арналған гранты 16 миллион теңгені құрады. Грантқа 60 адам өтініш берді.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың басынан бастап кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде 15 қайтарылмайтын мемлекеттік грант берілді. Олар арнайы әлеуметтік көмек алушылар, көп балалы аналар, жақындарынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар, туыстары, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар болды.
Өз сөзінде Гүлмира Изатуллақызы кәсіпкерлерді қолдау үшін облыс палатасының базасында бірнеше бағдарламалар мен бағыттар жұмыс істейтінін атап өтті. Олардың көпшілігі тегін және жаңа білім алуға, жаңа мамандықтарды игеруге бағытталған.
"Бұл бірнеше бағыттар бойынша әртүрлі оқыту бағдарламалары:" SMM - маман," Визажист", "Аспаз", “Шаштараз ісі", "Аспаздық”, “Тігін ісі” және т.б. Сондай-ақ, “Бір ауыл-бір өнім" ауыл кәсіпкерлігін дамытуға бағытталған бағдарлама бар. Әйелдер бизнесін қолдау желісі бойынша "Coca Cola белестері" бағдарламасы белсенді жұмыс істейді, - деп тоқталып өтті Гүлмира Қаженова.
Палатаның жетекші сарапшысы Дана Еспенова тілек білдірушілерге арналған барлық оқыту курстары тегін негізде жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, Палата бизнес-жоспар құруға көмек көрсетеді және бухгалтерлік есеп пен салық есептілігін ақысыз тапсыруға көмектеседі. 
"Даму" АҚ және "Ұлытау" ӘКК АҚ өкілдері кәсіпкерлерге қаржылық қолдаудың жеңілдетілген шаралары туралы айтып берді. 
Отырысты қорытындылай келе, қала әкімі Шапағат Әубәкір бұдан әрі қала әкімдігі мен Кәсіпкерлер Палатасы Сәтбаев қаласындағы проблемаларды шешуге және кәсіпкерлік белсенділікті қолдауға көмектесетін нақты қадамдар мен шараларды белсенді түрде жалғастыратынын атап өтті.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер