«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасында дүкендер мен бутик иелеріне базарлардың жаңа мүмкіндіктері ұсынылды.

2024 жылғы 12 Қаңтар
- Ұлытау облысы
8356 просмотров

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Ulytay shop» жаңа цифрлық өнімінің тұсаукесері өтті. Бұл «Wildberries» және «la moda»жұмыстарына ұқсас ыңғайлы онлайн базар орны. Market place жасаушылары «Ulytay shop» өңірдің кәсіпкерлері үшін бизнесті дамытудың маңызды құралы болатынына сенімді.

Бұл оларға клиенттік базаны және сатылымды арттыруға, сондай-ақ ірі онлайн платформалармен бәсекелесуге мүмкіндік береді.
Жаңа жобаның әзірлеушісі мен құрылтайшысы Думан Алмасов пен Азамат Есов «Ulytay shop» киім, аяқ киім, аксессуарлар, косметика, сұлулық қызметтері және т.б. қоса алғанда, тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын ұсынатынын атап өтті. 
«Ulytay shop» негізгі артықшылықтары-заманауи интерфейс, тауарларды жылдам іздеу және сатып алу, ыңғайлы төлем және жеткізу әдістері. Кәсіпкерлерге дербес витриналар жасауға, клиенттік базаны кеңейтуге және сатуды арттыруға мүмкіндік беріледі.
Жаңа өнімнің тұсаукесеріне бизнестің түрлі салаларының өкілдері қатысты, олар «Ulytay shop» - пен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. 
«Кәсіпкерлер осы онлайн-маркетплейстің әлеуетін көріп, оны өз тауарлары мен қызметтерін ілгерілету үшін пайдалануға дайын екендіктерін білдірді. Бүгінде интернет пен әлеуметтік желілер дәуірінде бұл тетікті пайдалану кәсіпкерлерге өз бизнесін кеңейтуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова. 



Еншілес ұйымдар

Серіктестер