«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнеске декларацияны қалай тапсыруға болады?

2024 жылғы 12 Қаңтар
- Ұлытау облысы
7768 просмотров

2024 жылы бизнес үшін жалпыға бірдей декларациялаудың III кезеңі қалай өтетіні туралы Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасындағы Ұлытау облысының Мемлекеттік кірістер департаментінің өкілдері түсіндірді. 


Семинар-кеңес жұмысына Ұлытау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары Алмас Шаймерденов, бизнесті қорғау жөніндегі Басқарушы директор Ғалымжан Сүтбаев, Департамент қызметкерлері және шағын және орта бизнес өкілдері қатысты. 
Жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңін жүргізуге байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғаның активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары ұсынады.
Жалпыға бірдей декларациялауды енгізудің мақсаты-кірістер мен мүліктің ашықтығын қамтамасыз ету, көлеңкелі экономикамен және сыбайлас жемқорлықпен күрес. Кірістердің ашықтығы бюджетке қосымша түсімдерді де қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, өйткені салық салынбаған кірістер көлемі барынша азайтылады, яғни ЖТС бойынша салық базасы кеңейтіледі.
Декларацияны “салық төлеушінің кабинеті” арқылы электронды түрде беруге болады (cabinet.salyk.kz), “электрондық үкімет” порталы (egov.kz), сондай-ақ Halyk Bank және “Банк ЦентрКредит”мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады. 
Үшінші кезең шеңберінде декларацияны ұсыну жөніндегі талап уақытша тоқтатылған және әрекетсіз салық төлеушілерге де қолданылады.
2024 жылғы 250.00 ТНҚ қағаз тасығышта ұсыну мерзімі - 2024 жылғы 15 шілдеден кешіктірілмеуі тиіс, ал электрондық тасығышта-2024 жылғы 15 қыркүйектен кешіктірілімей тапсырылады.



Еншілес ұйымдар

Серіктестер