«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысында Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп «Инвесторларды қорғаудың прокурорлық сүзгісі» атты жаңа жобаның тұсауы кесілді.

2024 жылғы 20 Қаңтар
- Ұлытау облысы
9317 просмотров

Ұлытау облысында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында "Инвесторларды қорғау жөніндегі прокурорлық сүзгі" атты жаңа жоба таныстырылды.


Кеңес жұмысына облыс әкімі Берік Әбдіғалиұлы, облыс прокуроры Жасұлан Еламанов, Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасының салалық даму жөніндегі басқарушы директоры Данияр Қалымов, Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Данияр Арынғазин, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Өткен жылы құрылған Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасы өңірдегі бизнес құқықтарын қолдау және қорғау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Осылайша, 2023 жылы 220.000.000 теңгеге бизнес құқығын қорғауға қол жеткізілді. ШОБ және инвестицияларды қолдау бағытындағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. 


 


- Қолайлы инвестициялық ахуалды құру және инвестициялық тартымдылықты арттыру экономиканы дамытудың басым міндеттерінің бірі болып табылады. "Атамекен" Кәсіпкерлер Палатасы инвесторлар үшін қолайлы жағдайларды қалыптастыруға белсенді қатысады және осы мақсаттар үшін интерактивті инвестициялық карта дайындалды. Бұл карта инвестициялық жобалардың мониторингін және жүргізілуін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Картаның мүмкіндіктері шеңберінде кәсіпкерлерге, мемлекеттік органдар мен даму институттарына жобалар бойынша мәліметтерді енгізу, өзектендіру және верификациялау үшін жеке кабинет ұсыну көзделіп отыр,– деп атап өтті өз сөзінде ӨКП салалық даму жөніндегі басқарушы директоры Данияр Қалымов.


Облыстың кәсіпкерлік басқармасының басшысы Данияр Арынғазин өңірдің болашақ жобалары туралы айтып берді.


– Жалпы 2024 жылға жалпы сомасы 23 млрд. теңгеге 700-ден астам жаңа жұмыс орнын құрумен 8 жобаны іске қосу жоспарлануда. Бұл ЖМЗ газдандыру, "Ашықтас" кенішінде химия зауытын, өңдеу кешенін салу, екі қонақ үй кешенін салу, құс етін өндіру бойынша құс фабрикасын кеңейту және өңірдегі алғашқы геологиялық кластерді іске қосу жөніндегі жобалар.


Отырыста барлық мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторларға прокуратурамен инвесторларға қатысты тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды келісу қажеттігі атап өтілді.

 


– Атап айтқанда, прокуратура органдарымен қызметті тоқтата тұру, рұқсаттан айыру және әкімшілік материал жасау келісілетін болады. Осы бағдарлама шеңберінде 80 млрд теңгеден астам сомаға инвестициялық жобаларды іске асыратын екі инвестордың құқықтары қорғалды. Қытайлық инвестордың "Mezgilder Qushteri" ЖШС және "Талап 2023" ЖШС құқықтары осылай қорғалған. Инвесторларды қорғау бойынша прокурорлық сүзгіні енгізу прокуратура органдарының ерекше бақылауында болады, - деп атап өтті Ұлытау облысы Прокуратурасының қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасының бастығы Айдос Әбдібаев.


Инвесторларды қорғауды қадағалау үшін жаңа лауазым енгізіліп, инвестициялық прокурор тағайындалды. Ол Мұхтар Ендіберген болды.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер