«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Кәсіпкерлерге арналған семинар

2023 жылғы 16 Желтоқсан
- Ұлытау облысы
7035 просмотров

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер Палатасы бақылау – қадағалау органдарымен бірлесіп кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңестің отырысы шеңберінде Облыстың кәсіпкерлік субъектілері үшін семинар-кеңес өткізді. Семинар тақырыбы шағын және орта бизнесті тексеруге мораторийді аяқтауға арналған. 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап тексерулер қайта басталатынын баршаға мәлім.


Семинар жұмысына шағын және орта бизнес субъектілері, сондай-ақ кәсіпкерлермен барынша тығыз жұмыс істейтін және тексерудің барлық салаларын қозғайтын түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты. 
ҚР МТИ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінің басшысы Болат Байкин, сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Ұлытау облысы бойынша бас маманы Қуантқан Дидаров, аудит басқармасының басшысы Гүлшат Әлімханқызы, акциздерді әкімшілендіру бөлімінің басшысы Токсан Мейрхан, Ұлытау облысы бойынша ЭД ІІО басшысының орынбасары Елена Ткаченко, облыс бойынша ЭД ІІО жедел уәкілі Ұлытау Манат Амантаева, Ұлытау облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының м.а. азаматтық қорғау майоры Жамбыл Оразалиев, азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының м. а. аға лейтенант Батырлан Татиков кәсіпкерлер үшін талаптар мен нормаларды түсіндірді.  
Бизнес қолданыстағы заңнама шеңберінде жұмыс істеуі, барлық қажетті нормалар мен талаптарды сақтауы, корпоративтік мәдениетті енгізуі, тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруы қажет. Жарияланған мораторий бизнеске аздап "дем алуға" мүмкіндік берді. Вето өз жемісін берді: соңғы уақытта әртүрлі салаларда жаңа кәсіпкерлердің саны өсті. Бұл отандық экономиканың дамуына үлкен қолдау көрсетеді. Семинар барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды, олардың кейбіреулері өртке қарсы қауіпсіздік, азық-түлік гигиенасы, салық салу, стандарттау мәселелері, "Депозиттер" және қызмет көрсету саласындағы 10% пайыз мәселелеріне қатысты болды.  Мемлекеттік органдардың өкілдері кәсіпкерлер заңнамадағы өзгерістерге назар аударып, стандарттарды, әсіресе қызмет көрсету саласына қатысты жоғары тәуекелі бар мекемелерге қатысты стандарттарды сақтауы қажет екенін атап өтті. Шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторийдің аяқталуы жаппай тексерулерге әкеп соқпайды, бірақ қабылданған мемлекеттік нормаларды бірінші кезекте халық қауіпсіздігі үшін сақтау қажет.

 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер