«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту

2024 жылғы 25 Ақпан
- Ұлытау облысы
5754 просмотров

Ұлытау облыстық «Ulytau» телеарнасында сарапшы-спикерлер  Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының құқықтық сұрақтар бойынша директордың орынбасары Ғалымжан Сүтбаев, Ұлытау облысы бойынша Азаматтық Альянстың басшысы Әсем Асанханова және «Жезқазған қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі Мереке Әбішевтың қатысуымен брифинг өтті. 


Брифингтің тақырыбы: «Бизнес үшін әкімшілік кедергілерді азайту».

 


Өз сөзінде Ғалымжан Жанатұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел дамуындағы бірнеше негізгі бағыттарға ерекше назар аударғанын атап өтті.
Олар экономика мен инвестицияларды дамытуға қатысты болды. Мемлекет басшысы қазақстандық бизнестің дамуына ерекше назар аударуда. Ол кәсіпкерлікті дамытудың және экономиканың түрлі секторларына инвестициялар тартудың маңыздылығын атап өтті. 
 


– Әкімшілік жүктемені азайтудың бірнеше жолы бар. Оларға салық жүктемесін азайту, бюрократиялық процедураларды жеңілдету, мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту, қол жетімді білім беру бағдарламаларын ұсыну және бизнес үшін мамандардың кеңестері кіреді. Бұл кәсіпкерлерге күрделі әкімшілік рәсімдерді түсінуге және заңнаманы бұзу тәуекелдерін азайтуға көмектеседі, – деп атап өтті Ғалымжан Сүтбаев. 
 


Брифинг барысында кәсіпкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, оларға толық жауап ала алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмалары бірінші кезекте отандық бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған. Бұл жаңа жұмыс орындарын құруға, бюджетті толықтыруға және елдің тұрақты экономикасын дамытуға мүмкіндік береді.



 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер