«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

«Өнеркәсіптегі әйелдер: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар»

2024 жылғы 07 Наурыз
- Ұлытау облысы
8623 просмотров

Бүгінде гендерлік теңдік дәуірінде әйелдер ерлермен тең дәрежеде әртүрлі салада жұмыс істейді, әртүрлі кәсіптің шыңдарын бағындырып бәсекелесе алады. «Нәзік жандылар» арасынан суырылып шығып ер азаматтармен тең келе жатқан арулар аз емес.


Өнеркәсіпте жұмыс істейтін ханымдар ерекше назар аударуға лайық. Дәл осындай іскер әйелдер үшін "Өнеркәсіптегі әйелдер: жаңа мүмкіндіктер мен перспективалар" конференциясы ұйымдастырылды. Іс-шараны ұйымдастырушы “ASMAR" Қазақстан кәсіпкерлері әйелдер Ұлттық Қауымдастығының қолдауымен ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы.
Конференция жұмысына Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова, СДЖ мүшелері, өңірдің өндірістік-өнеркәсіптік кәсіпорындарын басқаратын палатаның өңірлік және салалық кеңестері: Сәуле Шауенова, Лариса Гелисханова, Лариса Булавская қатысты.  
 



Семинар жұмысы бірнеше панельдік секциялар бойынша өтті және көшбасшылыққа, ақыл-ой күші мен инновациялық ойлауға, өнеркәсіп саласында жұмыс істейтін әйелдер үшін кәсіпкерлік дағдыларды, көшбасшылық пен сенімділікті дамытуға арналды.


ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық - демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары, "ASMAR" Қазақстан кәсіпкерлері Әйелдер Ұлттық қауымдастығы Төралқасының Төрағасы Ләззат Рамазанова атап өткендей, конференция әйелдердің өнеркәсіптегі рөлі мен үлесі, сондай-ақ олардың осы секторда ашылатын мүмкіндіктері мен перспективалары туралы баяндайды.


– Пікірталас барысында инновациялық тәсілдер, тәжірибе алмасу және тәлімгерлік алаңдарын құру талқыланды, сондай-ақ өнеркәсіптік салалардағы әйелдердің өсуі мен дамуы көтермеленді. Біз жұмыста міндетті түрде қолданатын көптеген пайдалы және заманауи ақпарат алдық, – деп Ұлытау облысынан келген делегация қатысушылары конференция туралы өз пікірлерін білдірді.


Спикерлер ретінде: Премьеры-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров, ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев, ҚР өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори ханым, Ұлыбритания және ГФР елшілері, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Арман Бектұров, "Агромашхолдинг KZ" АҚ президенті" Динара Шөкижанова, "Әйелдер кәсіпкерлігін тұрақты дамыту және қолдау қорының" директоры Әсел Тоғызбаева, Атамекен ҰКП Төралқасының өңдеу өнеркәсібі комитетінің төрағасы, "Қазақстан химиктер одағы" ЗТБ Вице-президенті, "ҚазАзот" АҚ Бас директорының корпоративтік және орнықты даму жөніндегі орынбасары Тахмина Нағуманова және тағы басқалар сөз сөйледі.  
 

– Әйел көшбасшылардың шабыттандыратын табыс тарихы конференцияға қатысушыларды ынталандыруға ықпал етті. Дәл осындай іс-шаралар әйелдерді біріктіреді, ашылуға және тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Тәжірибе көрсеткендей, әйелдер өндіріс пен өнеркәсіп сияқты оңай емес салада да табысты бола алады. Ынталы әйел бәрін жасайды, – деп атап өтті Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер