«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау өңірінде жайлы мектептердің құрылысы

2024 жылғы 11 Сәуір
- Ұлытау облысы
6552 просмотров

Мемлекет үшін "Жайлы мектептердің" құрылысы өте маңызды жоба, өйткені ол білім беру объектілерін жұмысқа енгізуге және өскелең ұрпақ үшін жаңа үрдістер мен ІТ технологияларды ескере отырып, заманауи мектептерде оқытуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 

Ұлытау облысында осындай мектептердің құрылысы жоспарлануда, облыстың Кәсіпкерлер палатасында құрылыс, логистика және көлік салалық кеңесінің отырысында палата директорының орынбасарлары Данияр Қалымов, Ғалымжан Сүтбаев, салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің жетекші маманы Камшат Кунедилова, білім беру саласы өкілдерінің, "Самұрық-Қазына” АҚ , Ұлытау облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, "Нұр Астана Құрылыс" ЖШС мердігерлік ұйымы осы бағыттағы жұмыстар қандай қарқында жүріп жатқанын талқылады.

Палатаның құрылыс, логистика және көлік жөніндегі салалық кеңесінің төрағасы Думан Жаманов "Жайлы мектеп" жобасы жергілікті атқарушы органдардың қатаң бақылауында екенін атап өтті. 

Отырыс барысында проблемалық мәселелер талқыланды, олар отандық және мердігерлік ұйымдар арасында қасбеттік материалдар, жиһаздар мен жабдықтар бойынша шарттар жасасуға қатысты болды. Мердігер Компания мемлекеттік сараптамадан өтетін ЖСҚ болмауына байланысты отандық ұйымдармен қасбеттік материалдарға, жиһаздар мен жабдықтарға шарт жасаспаған. Мемлекеттік сараптаманың нәтижелерін шамамен 2024 жылдың 15 мамырында жариялау жоспарлануда. 

Облыста "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында 2023-2025 жылдарға арналған 3600 орындық алты мектептің құрылысы жоспарланған: үшеуі қалаларда, үшеуі ауылдық жерлерде. Олардың ішінде 300 орындық мектеп Жезқазған қаласында, Геологиялық кентінде 2023 жылдан бастап салынуда, ал оны пайдалануға беру 2024 жылдың қыркүйегіне жоспарланған. 
Талқылау барысында қарқынын жеделдету және мүмкіндігінше бар проблемаларды шешу туралы шешім қабылданды. 
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер