«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысының кәсіпкерлерінен гуманитарлық көмек

2024 жылғы 16 Сәуір
- Ұлытау облысы
6270 просмотров

«Еліме келген апатқа бейжай қарай алмаймыз» деген қағиданы басшылыққа ала отырып, өңірдің бизнес қауымдастығы мен  Ұлытау өңірі кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері бірігіп, су тасқынынан зардап шеккен аудандарға гуманитарлық көмек ұйымдастырды.

 

«Күшіміз бірлікте» игілігі керуені аясында бірнеше тонна картоп, ұн, көкөніс, қант, су, май, сондай-ақ киім-кешек, дәрі-дәрмек және бірінші қажеттілік тауарлары жеткізілді. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС, «Ремстрой» ЖШС, «ПИК Ютария Ltd» ЖШС, «Транко» ЖШС, «Самади» ЖШС, «Қызылмай» ЖШС, «Адал Еңбек» ЖШС және т.б. Сондай-ақ, облыстық Кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері бір күндік жалақыларын зардап шеккендерге көмек көрсету қорына аударды. Барлық жиналған қаражат, өнімдер мен заттар тасқыннан зардап шеккен аймақтарға жөнелтіледі.


 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер