«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO

2024 жылғы 02 Мамыр
2192 просмотров

 Елордада ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп және студенттік кәсіпкерлік, стартаптар мен инновациялардың аса ірі ұлттық кубогы өтті.

Іс-шараны ENACTUS Kazakhstan ұлттық кеңсесі ұйымдастырды. Жарысты кәсіпкерлер, демеушілер және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері: ENACTUS KAZAKHSTAN директорлар кеңесінің төрағасы және «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Райымбек Баталов, ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет, ENACTUS KAZAKHSTAN директорлар кеңесінің мүшесі Дархан Мыңбай қолдады.

«ENACTUS – оқушылар мен студенттерді еркін кәсіпкерлікке тарту бойынша әлемдегі ең үздік бағдарламалардың бірі. Олар бизнес пен саясаттағы болашақ лидерлер, сондықтан олардың талантын бүгін барынша қолдау өте маңызды», - деп атап өтті Райымбек Баталов.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO2024 – Қазақстандағы ENACTUS халықаралық бағдарламасына қатысушылардың жобалық қызметі нәтижесінің жыл сайынғы көрмесі. Жарыс аясында демеуші компаниялардың көрмесі, бос орындар жәрмеңкесі, жұмыс берушілермен іскерлік кездесулер, питчинг және қатысушыларға арналған арнайы байқаулар өтеді.

Биыл онлайн-оқудың дайындық кезеңіне және іс-шараға қатысушылардың жалпы қамтылуы жеті мыңнан астам адамды құрады! 1200-ге жуық қатысушы өзінің командалық және жеке өтінімдерін жолдады, іріктеу қорытындысы бойынша 141 команда өз жобаларын қазылар алқасы назарына ұсынды. ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO2024 жобасының  14-38 жас аралығындағы қатысушылары экологиялық және әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешудің инновациялық тәсілдерін ұсынды.

Жүгерінің жаңа сорты, медициналық жасанды интеллект, гербицидтерді сәйкестендіруге және нүктелік бүркуге арналған автономды робот, сондай-ақ СО2 лазерлік роботы арамшөптерді жою және басқа жобалар жыл сайынғы ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп және студенттік кәсіпкерліктің ұлттық кубогында таныстырылды.

  Қазақстанның 20 өңірінен келген оқушылар мен студенттер өзінің бизнес-жобаларын таныстырып, ең үздіктері жүлделі орындарға ие болды.

Бағдарламада:

* World Cup League: ENACTUS ұлттық кубогы, ENACTUS World Cup 2024 әлемдік кубогына жолдама үшін басты конкурстық алаң;

* Ерте кезең лигасы: ерте кезеңдегі жобалар байқауы;

* ENACTUS #NEXTGENLEADERS V Республикалық мектеп кәсіпкерлігі чемпионаты;

* Колледж оқушылары арасында ENACTUS Kazakhstan кубогы болды.

«Бұл бәріміз көптен күткен оқиға. Жеке өзім үшін әр кубок –  талант пен шығармашылықтың жарқын фестивалі. Мен осы орасан зор шараны ұйымдастырушысы болу құрметіне 17 жыл қатарынан ие болып келемін. Іс-шарамыздың ең маңызды тұлғалары – еліміздің түкпір-түкпірінен келген жас, жігерлі қыз-жігіттер. ENACTUS NATIONAL EXPO жастардың шабыты, мотивациясы және болашақ ұмтылысы үшін өткізіледі», - деп бөлісті ұйымдастырушы Альбина Ержанова.

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті Ұлттық чемпион атанды және 2-4 қазанда Астана қаласында өтетін ENACTUS WORLD CUP 2024 әлемдік кубогында Қазақстанның атынан өкілдік ету құқығына ие болды.

Екінші орынды Талдықорған қаласындағы Zhansugurov College командасының «Silk Route» жобасы иеленді.

Үшінші орынды Астана медицина университеті командасының «Well Nation» жобасы иеленді.

Төртінші орын Өскемен қаласының Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан университетінің командасына берілді. Студенттер EDFALL, EcoGreen екі кейстен тұратын жобаны ұсынды.

«Дәл осы жеңіс үшін командамыз көп еңбек етті. Біз жұмысымыздың ақталғанына шексіз қуаныштымыз. ENACTUS командаларына қолдау көрсеткені үшін рахмет! Біз алдағы ENACTUS WORLD кубогында елімізге жеңіс әкелу үшін бар күшімізді саламыз!»,- деп бөлісті команда капитаны Асқар Рахым.

Early Stage алаңы – дамудың ерте кезеңіндегі жобалар байқауының жеңімпаздары Алматы қаласының командасы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болды. Олар  «ASYL ZHER» жобасымен болды.

Екінші орынды «Тrusttravel» және «TestKenes» емтихандарына дайындық және туризм платформаларына бағытталған жобалары бар Алматы қаласындағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің командасы жеңіп алды.

Үшінші орынды Павлодар қаласы, Margulan University командасының «The Blackson Investigation» «Eco pack» жобасы иеленді.

Төртінші орынды Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті командасының «StudentUp» жобасы иеленді.

ENACTUS тарихында әлемдік кубоктар Лондон, Париж, Йоханнесбург, Пекин, Вашингтон сияқты қалаларда өтті. Биыл Дүниежүзілік біріншілікті өткізу құқығын Қазақстан жеңіп алды.

Әлемдік кубоктың алғашқы демеушісі –  ERG компаниясы, оның ынтымақтастығында стартап-батл экожүйесі өтті. Осы байқаудың үздік бес жобасы ENACTUS әлемдік кубогында өтетін әлемдік жобалар көрмесіне қатысады.  

Сондай-ақ биылғы жылы ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO2024 алаңында колледж студенттері арасында алғаш рет ENACTUS кәсіпкерлік кубогы өтті.

Бірінші орынды жоғары тиімді тыңайтқыштарды әзірлеуге бағытталған «Табиғиға таза органикалық тынайтқыш – биогумус өндіріс» жобасымен Алматы Мемлекеттік бизнес колледжінің командасы жеңіп алды.

Екінші орынды «Solar Boost» жобасымен Алматы автомеханикалық колледжінің командасы иеленді.

Үшінші орынды «GrowCrafts» жобасымен Астана қаласының Қазақстандық халықаралық лингвистикалық колледжінің командасы иеленді.

Төртінші орынды Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі командасының «Экипаж X» жобасы иеленді.

Оқушылар ауыл шаруашылығы, білім беру және экология мәселесін шешуге бағытталған IT жобаларын таныстырды. Соның бірі –  V Республикалық мектеп кәсіпкерлігі чемпионаты - Білім Инновация лицейінің «KazagroTech» чемпиондарының жобасы-жасанды интеллект және терең оқыту негізінде зиянкестерге қарсы гербицидтерді нүктелік сәйкестендіру және бүрку үшін дербес инновациялық роботтар.

Екінші орынды «Sustainable Stitches» жобасын таныстырған Ақмола облысының IQanat High School of Burabay №6 командасы иеленді.

Үшінші орынды Астана халықаралық мектебі командасының «Undeme» және «AlcoBlock» әлеуметтік маңызды жобалары иеленді.

Төртінші орынды «Komek Eco System» жобасымен Тараз қаласының № 15 мектеп-гимназиясының командасы иеленді.

 ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO2024 аясында Teachers Lab-пен бірлесіп жасанды интеллект бойынша арнайы байқау ұйымдастырылды. Жеңімпаздар ақшалай сыйлықтар, сондай-ақ жобаларды одан әрі дамыту үшін техника алды.

Сонымен қатар, ENACTUS ұлттық мектеп және студенттік кәсіпкерлік кубогы аясында оқушылар мен студенттерге еліміздің үш жоғары оқу орнында: Алматы энергетика және байланыс университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті және Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында 4 жылдық оқуға гранттар бөлінді.

№ 2 Семей қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің командасы Алматы энергетика және байланыс университетінен 6 грант жеңіп алды. Қызылорда университетінің Қорқыт Ата оқу грантының иегері Қызылорда қаласының №210 мектеп командасының капитаны Абдуллаев Асылжан болды.

ENACTUS KAZAKHSTAN NATIONAL EXPO 2024 мектеп және студенттік кәсіпкерліктің, стартаптар мен Инновациялардың ұлттық кубогын ұйымдастырушылар ресми демеушілер мен серіктестерге алғыстарын білдіреді.

Ресми демеушілер: Olzha Agro, KMF&KMF-Демеу, табиғи су TURAN, Eurasian Resources Group, Raimbek Group, KT Cloud Lab, White&Case, Caravan Resources, еліміздің ең ірі сауда орталықтары Aport, Qaragandy Power Silicon, Kazakhstan Mining, TSSP, kazagrofeed, Abs Строй, leader епдіпеегіпд Group, NES Kazakhstan

Ресми серіктестер: «Атамекен» ҰКП, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы» АҚ, Астана қаласының әкімдігі, ҚР жоғары білім және ғылым министрлігі, Visit Astana, астананы дамыту орталығы.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер