«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Ұлытау облысының іскер әйелдер кеңесінің мүшелері дағдарыс орталығының шәкірттері үшін қайырымдылық акциясын ұйымдастырды

2024 жылғы 18 Мамыр
- Ұлытау облысы
7519 просмотров

Жуырда Жезқазған қаласындағы әйелдер мен балаларға арналған дағдарысқа түскендерді қолдау орталығында Ұлытау өңіріндегі Іскер әйелдер кеңесінің мүшелері, «Қызылмай» дәріханалар желісінің директоры Достанбекова Ботажан Жакияқызы, «Кamali Bakery» наубайханасының негізін қалаушы Күнеділова Гүлжан Жакияқызы, Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова болды. 

 Сапар барысында олар маңызды әлеуметтік нысанның жұмысымен танысып, ондағы әйелдер мен балалармен әңгімелесті. Олардың көпшілігі Орталыққа қиын өмірлік жағдайлармен келген. Бірақ олардың барлығы отбасы мен балаларының жақсы болашағынан үміт күтеді. Айта кетейік, нәзік жандыларға осы қиын кезеңді еңсеруге көмектесу үшін кәсіпкерлер шешім қабылдаған болатын.
 Кәсіпкерлер орталыққа және оның тұрғындарына күнделікті өмірде өте қажет тұрмыстық техникаларды (кір жуғыш машина) сыйға тарту арқылы қолдау көрсетуді ұйғарды. Сондай-ақ, орталықтың барлық балалары тәтті сыйлықтарға ие болды.

 –  Бұл қиын өмірлік жағдайға тап болған әйелдерге көмектесуге және қолдау көрсетуге қосқан аз ғана үлесіміз. Алдағы уақытта да көмектесуге тырысамыз», – деп атап өтті Ботажан Достанбекова мен Гүлмира Күнеділова. 


Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова Дағдарыс орталығының директоры Кәмеш Әбжәмеловаға алғысын білдіріп, бұл мекеменің қолдау көрсетудегі маңызды рөлін атап өтті. Орталықтың қамқорлығындағы отбасылар келген қонақтарға ризашылықтарын білдірді.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер