«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңаарқа ауданында кәсіпкерлер және инвесторлармен кездесу

2024 жылғы 29 Мамыр
- Ұлытау облысы
2858 просмотров

Жаңаарқа ауданы әкімдігінде Жаңаарқа ауданы бойынша бизнес қуаымдастығы өкілдерімен, инвесторлармен және жергілікті атқарушы органдар өкілдерімен кездесу жиыны өтті.

Жиынға Жаңаарқа ауданы әкімінің міндетін атқарушы Мұрат Ибраев, Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженова, Жаңаарқа ауданы мәслихатының төрағасы Юржан Беккожин, Жаңаарқа ауданы прокуратурасының прокуроры Ибрагим Бестайбеков,  Ұлытау облысы кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Ерболат Бурибаев, директордың орынбасарлары Данияр Қалымов, Ғалымжан Сүтбаев, шағын және орта кәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Дана Есембекова, Жаңаарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының салықтық әкімшілендіру және өндіру бөлімінің басшысы Жанар Жумадильдина, «Damu» қоры және Центр Кредит банкінің өкілдері, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалығы жетекшілері қатысты.

Жеке кәсіпкерлікті қолдау мен қорғау жиындары билік пен бизнес қауымдастығының өзіндік диалогы болып табылады. Олар кәсіпкерлердің әлеуеті мен ұстанымын түсінуге және сұраныстарға тезірек жауап беруге мүмкіндік береді. Жаңаарқа ауданы көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерлік секторының жалпы ахуалы, қазіргі уақыттағы қызметі жайында ақпаратын ұсынған «Жаңаарқа ауданы кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі» ММ басшысы Өмірзақ Уалиев өз баяндамасында бүгінгі таңда ауданда 3456 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелгенін атап өтті.

Биылғы жылдың төрт айының қорытындысы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 4325 адамды құрады. Сондай-ақ биылғы жылы экономикалық өсу жоспарына сәйкес 31 кәсіпкерлік нысанын ашу жоспарлануда. «Damu» қоры мен «Ұлытау» ӘКК жұмысы арқылы мемлекеттік қолдау шаралары кәсіпкерлерге жақсы көмек көрсетуде. Мәселен, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы 544 млн. 910 мың теңгеге 77 жобаға қолдау көрсетілді. «Агробизнес» бағдарламасы бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» (АНК), «Жаңа несие компаниясы» және «Кең дала» бағдарламасы арқылы 4 жобаға 90 млн. 940 мың теңге бөлінді және 1 жоба 20 млн.теңгеге қолдау тапты.  15 тұлғаға арналған «Жаңаарқа аудандық мансап орталығының филиалы» арқылы халықтың әлеуметтік осал тобына жататын азаматтарға жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға биылғы жылы 22 млн.152 мың теңге бөлініп отыр. Сондай-ақ ағымдағы жылы аудан әкімінің грантына өтінімдердің бірінші кезеңі басталды. Кездесу барысында жеке кәсіпкерлер тарапынан мал шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысты өзекті тақырыптарды қозғады. Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында кәсіпкерлікті қолдау картасы бойынша өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына екі жоба енгізілген: бұл «Етті одан әрі тереңдете өңдейтін 10 мың басқа арналған мал шаруашылығы кешенін құру, консерві зауытының құрылысы, қасапхана, тоңазытқыш қоймалары, тоңазытқыш камералары». Жобаның бастамашысы – «Ұлы Дала» серіктестігі. Сондай-ақ Ашықтас кен орны базасында «Бағалы металдар мен полиметаллдарды байыту бойынша өнеркәсіп кешенін салу» жобасы да жоспарланған. Жобаның бастамашысы – «Quzhal Resources» ЖШС. Жиын барысында жеке кәсіпкерлер мен еркін форматта туындаған сұрақтар бақылауға алынды. Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Гүлмира Қаженованың айтуынша, мұндай сапарлар әр өңірдегі кәсіпкерліктің түйткілді мәселелерін анықтауға, сондай-ақ жағдайдан шығу жолдарын талқылауға мүмкіндік бертіндігіне тоқталды. Жиын барысында ағымдағы жылдың наурыз, сәуір айында су тасқыны мен қаңтар айында жұт кезіндегі келтірілген шығындарды қалпына келтіру кезінде ат салысқан бір топ Жаңаарқа ауданы кәсіпкерлерін Алғыс хатпен марапаттау рәсімі жүргізілді. Жиын соңында делегация аудандағы бірнеше шағын және орта кәсіп нысандарының жұмысымен танысты: Атап айтқанда мемлекеттік жеке меншік серіктестігі арқылы жұмыс атқарып жатқан «Балауса» балабақшасы және салынып жатқан балабақша ғимараты, құрылыс заттарын сататын «Мәдина Манара» сауда орталығына барып қызмет көрсетудегі жұмыстарымен танысты. 

 


 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер