«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Жаңарқа ауданында Ұлытау облысы Іскер әйелдер кеңесінің бірінші отырысы өтті

2024 жылғы 30 Мамыр
- Ұлытау облысы
5773 просмотров

Жаңарқа ауданында Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің бірінші отырысы ұйымдастырылды.

 Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Қаженова жиынды ашып, Кеңестің миссиясы – облыстың белсенді әйелдерінің табысы мен бастамаларын шоғырландыру, өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға көмектесу және қолдау көрсету екенін атап өтті.

 «Бүгінде әйелдерге тұрмыстың көп міндеті жүктелген. Әйел – ана да, шаңырақ шырақшысы, кәсібін дөңгелетіп отырған іскер де. Халықтың «Әйел ана бір қолыммен бесік тебретсе бір қолы мен әлемді тербетеді» деген тәмсілінің мәні тереңде. Біздің міндетіміз – дамуға жәрдемдесу және жан-жақты қолдау, - деп атап өтті Гүлмира Қаженова.

Палатаның ШОБ дамыту бөлімінің бастығы Дана Есембекова  іскер әйелдер үшін оқу және өзін-өзі дамыту маңызды атап өтті.

 «Жақында Қорғаста этно-фестиваль ұйымдастырылады. Халықаралық шара бұл іскер ханымдарға тәжірибе алмасуға және іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді, - деді Дана Есембекова.

Кеңес барысында Жаңаарқа ауданы бойынша ІӘК төрағалығына Сандуғаш Жұматова тағайындалды.

Кеңес мүшелері ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа үміт білдіріп, жұмыс кездесулерінің кестесін жасады.




 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер