«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Облысымызда «Ulytau hub» орталығы ашылды

2024 жылғы 06 Қараша
- Ұлытау облысы
1839 просмотров

Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков цифрлық технологиялар мен IT-кәсіпкерлік орталығының жұмыс барысымен танысу мақсатында арнайы барып, стартаперлермен кездесті. Орталық Astana Hub технопаркі, Цифрлық даму министрлігі және Ұлытау облысы әкімдігінің қолдауымен құрылған. 

Ulytau Hub-тың негізгі мақсаты - жергілікті IT-қоғамдастық пен стартап мәдениетін дамытуға қолайлы орта құру, технологиялық кәсіпкерлікті ынталандыру және өңір тұрғындары үшін цифрлық білім беруді қолдау.

Жергілікті стартаперлердің жобаларымен танысқан өңір басшысы орталықтың ашылуын ІТ саласындағы жастарды қолдауға жасалған жағдай екенін айтты. Сонымен қатар облыс әкімі Хабтың қызмет етуін өңір дамуындағы жаңа кезеңге балап, Ұлытау облысының экономикасын нығайтып, оны заманауи әрі тұрақты етуге бағытталған идеялардың тоғысатын орталығына айналатын орын боларына сенім білдірді. 

Жаңа орталықта инкубациялық бағдарламалар, оқу курстары және семинарлар ұйымдастырылады. Сондай-ақ митаптар, воркшоптар, Speaker Talks, Idea Battle, Pizza Pitch, форумдар, хакатондар, халықаралық олимпиадалар және басқа да тәжірибе мен идея алмасуға бағытталған кездесулер өткізіледі.

Айта кетейік, Ulytau Hub орталығы - стартаптарды қолдауға, IT-білім беруді дамытуға және өңірдің технологиялық экожүйесін нығайтуға бағытталған. Ол Жезқазған қаласы, Абай көшесі, 99 мекенжайы бойынша орналасқан және технологиялық инновацияларға қызығушылық танытқандарды қабылдауға 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер