«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Астанада Өңірлік кеңес мүшелігіне кандидаттардан өтінімдер қабылдау аяқталды

2024 жылғы 27 Желтоқсан
- Астана қаласы
1048 просмотров

10 желтоқсаннан бастап Астана қаласының кәсіпкерлер палатасында өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің делегаттарына (мүшелеріне) кандидаттардан өтінімдер қабылданды. 

Бүгінгі таңда РҚПК-ға аккредиттелген салалық кеңестер мен қауымдастықтар мүшелерінен 46 өтініш қабылданды. Барлық түскен өтініштер құжаттардың толықтығы бойынша Өңірлік сайлау комиссиясымен тексеруден өтті. Келесі кезекте құжаттар кандидаттарды тіркеу үшін НПП сайлау комиссиясына жіберіледі. Содан кейін өңірлік кеңес делегаттарына бекітілген кандидаттар сайлау науқанын жүргізе алады. Сайлау науқаны: 2025 жылғы 10 қаңтардан 19 қаңтарға дейін.

Айта кетейік, Астана қаласының Өңірлік кәсіпкерлер кеңесіне сайлау 2025 жылдың 20-22 қаңтар аралығында бекітілген жоспарға сәйкес өтеді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер