«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Кадр тапшылығы: кәсіпкерлер сотталғандарды жұмысқа тартады

2025 жылғы 21 Ақпан
- Шығыс Қазақстан облысы
547 просмотров

Енді сотталғандар жабық мекеменің қабырғасында ұйымдастырылған өндірістерге ғана емес, одан тыс жерлерге де жұмысқа орналаса алады.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасында бизнес субъектілерінің Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері бойынша кездесу өтті.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаметінің қызметкерлері қазіргі уақытта жазасын өтеу орындарында емес жұмысты ұйымдастыру мәселесі пысықталып жатқанын айтты.

«Әзірге сотталғандарды жұмысқа орналастырудың алдын ала нұсқалары пысықталуда», - деді ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті.

ШҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаевтың айтуынша, бизнес қазірдің өзінде осындай еңбек ресурстарына қызығушылық танытты, өйткені өңірде жұмысшы мамандардың тапшылығы жоғары.

Мысалы, «Усть-Каменогорское управление «Промтехмонтаж» ЖШС басшысының орынбасары Әбілдабеков Ерасылдың ақпараты бойынша, оларға 15 монтажшы, 20 бетоншы мен ұсталар жетіспейді.

«Біздің компанияда жұмыс істейтін бірнеше учаске бар, барлық жерде мамандар қажет», - деп атап өтті Ерасыл Әбілдабеков.

Сотталғандарды жұмысқа орналастырудың бұл нұсқасының өз қиындықтары бар: жұмыс орнына жеткізу, тамақпен қамтамасыз ету, оқыту, айдауылдау, тексеру, объектіге жіберу. Бірақ мүдделі тараптар бірлескен ынтымақтастыққа, мәселелерді талқылауға және шешуге дайын.

Сондай-ақ, кәсіпкер мекеменің өнеркәсіптік аймағындағы ынтымақтастық шарттарын қарастыруға дайын. Дамудың тиімді шарттары ұсынылған жалдау ақысы жоқ, үй - жай сенімгерлік басқаруға беріледі, тек коммуналдық шығындар мен жалақы, бұл сіздің бизнесіңіздің рентабельділігін сақтауға мүмкіндік береді.

Сотталғандармен жұмыс жөніндегі ақпаратқа қызығушылық танытқан бизнес субъектілері ШҚО Кәсіпкерлер палатасына жүгіне алады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер