SOS: Қазақстан кәсіпкерлері мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша дабыл қағуда
Астанада еліміздің түкпір-түкпірінен 250-ден астам мектепке дейінгі жеке ұйымдардың құрылтайшылары жиналған ауқымды іс-шара өтті. Кездесудің мақсаты – қоғам мен мемлекеттік органдардың назарын мектепке дейінгі білім беру саласындағы орын алған жайтқа көңіл аудару.
Іс-шараға «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков, Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова, Бас прокуратура, министрліктер, әкімдіктер, ЮНИСЕФ, бизнес-қоғамдастық өкілдері, ҚҮБҚ мүшелері, ҮЕҰ және белсенді азаматтар қатысты.
Іс-шараның негізгі месседжі – «Қазақстандағы балабақшалардың жабылу қаупі». Қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау туралы ресми мәлімдемелерге қарамастан, шын мәнінде жеке балабақшалар қызметін тоқтату қаупіне тап болатынын атап өтті.
Өз сөзінде «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Т. Нақыпбеков конференцияға қатысушыларға қолдау білдіріп, бірлесе жұмыс атқаруға дайындығын білдірді.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әрдайым өзара диалогқа ашық. Біз кәсіпкерлерді естуге және тыңдауға, олардың нақты проблемаларын түсінуге және құзыретті мемлекеттік органдармен бірлесе тиімді шешімдер іздеуге дайынбыз. Бірлескен күш-жігер арқылы ғана мектепке дейінгі білім беру саласында жеке сектордың тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ете аламыз», - деді ол.
Осылайша, барлық қатысушылар үшін жеке балабақшалардың проблемалары назардан тыс қалмайтындығы және мемлекетпен сындарлы серіктестікте шешілуі тиіс мәселе екенін тілге тиек етті.
Өз сөзінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты И. Смирнова мектепке дейінгі білім беру саласындағы проблемаларды шешуге жүйелілік және кәсіби қоғамдастықтың рөлін күшейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар, жан басына шаққандағы қаржыландыру әдістемесін жеткілікті бюджеттік өтемақысыз өзгерту салдарына ерекше назар аударылды. Бұл жалақының кешігуіне, есеп айырысудың бұзылуына әкеліп, бизнес-қауымдастыққа төлемді жоғарылату не мүлдем жабылу деген таңдау туындады. Бұл өз кезегінде, әлеуметтік осал топқа қатты сезіледі.
Кенеттен туындайтын тексерулер, медициналық кабинеттерді лицензиялау талаптары, ата-аналардың келісімінсіз биометрияны өткізу және жұмыс істеп тұрған балабақшалар үшін жер учаскелерінің мақсатын өзгертудегі қиындықтар әкімшілік кедергілерді тудырады.
Өңір өкілдері жергілікті жердегі жағдайды айтып, қаржыландыру мен реттеуде шұғыл өзгерістер қажеттігіне назар аударды.
Форумдағы талқылау екі негізгі блокқа бағытталды:
- Әділ қаржыландыру – білім берудегі тұрақты болашақтың кепілі – қолданыстағы әдістеменің мәселелері, тамақтану шығындарының өсуі, төлемдердің кешігуі және жағдайды жақсарту бойынша ұсыныстар;
- Заңнаманың өзгеруі жағдайында жеке сектор үшін жаңа тәуекелдер – қауіпсіздікке, лицензиялауға және бизнеске қосымша жүктеме тудыратын деректерді жинауға қойылатын талаптарды күшейту.
Айта кетейік, бүгінде жеке сектор елдегі мектепке дейінгі білім берумен қамтудың 60%-дан астамын қамтамасыз етеді және мыңдаған балаға білім беру қызметтерінің қолжетімділігіне әсер етуі мүмкін.
Шара қорытындысы бойынша қатысушылар мемлекеттік органдарды ағымдағы тәсілдерді қайта қарауға, жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарға нақты қолдауды қамтамасыз етуге және саланың тұрақты дамуы үшін жағдай жасауға шақырды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: