"Атамекен" палатасы омбылық бизнес өкілдерін павлодарлық кәсіпорындармен таныстырды
Омбы облысы делегациясының Павлодар облысына ресми сапары аясында Омбы облысы әкімшілігінің өкілдері мен кәсіпкерлер бірқатар павлодарлық компаниялардың жұмысымен танысты. Бұл кездесулерді Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырды.
Екі өңірдің іскерлік қауымдастықтарының кездесуіне модератор болған Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Әбенов, Омбы облысы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Ольга Федулова және басқа да делегация мүшелерімен бірге "Айсберг-ПВ" ЖШС-не барды. Кәсіпорын директоры Михаил Желнов қонақтарға ет өнімдері, бәліштер, балмұздақ және басқа да өнімдер шығаратын компанияның жұмысын таныстырды. Сонымен қатар, кәсіпорын үш жыл бұрын басталған, Ресей Федерациясына барлық өнімдерді экспорттауға мүмкіндік бермейтін мәселе де талқыланды.
Омбыдан келген қонақтар басқа да павлодарлық кәсіпорындарды аралап, бейресми жағдайда тиімді әріптестік мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ олар облыс орталығы бойынша экскурсияға қатысып, Қазақстан мен Ресей арасында Ертіс арқылы жүк тасымалдайтын Павлодар өзен портын көрді. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапханада көршілес өңірлер арасындағы ішкі туризм мәселелері сөз болды.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: