«Адал Азамат» атағын беруге өтінімдерді қабылдау басталды
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Адал Азамат» атағын беруге өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Конкурстың негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік субъектілері арасында бизнесті жүргізу, әлеуметтік жауапкершілік, ашықтық, экологиялық белсенділік, қайырымдылық қызметі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қағидаттарын көтермелеу және дәріптеу болып табылады. Қызметті кемінде үш жыл жүзеге асыратын микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері қатысуға жіберіледі.
Конкурсқа қатысушылар келесі өлшемшарттарға сай болуы қажет:
- «Таза Қазақстан» республикалық акциясын өткізуге қатысу;
- Экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған енгізілген және/немесе іске асырылатын жобалардың (оның ішінде таза технологияларды қолдану, тұрақты өндірістік процестерді қалыптастыру, зиянды шығарындыларды азайту, инновациялық шешімдерді қолдану және т.б.) болуы;
- Табиғи апаттардың (су тасқыны, өрт және өзге де төтенше жағдайлар) салдарын жоюдағы белсенді әлеуметтік ұстаным;
- Қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға қатысу;
- Қоғамдық және экологиялық іс-шараларға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға бағытталған өзге де бастамаларға қатысу;
- Салықтар, әлеуметтік және өзге де міндетті төлемдер бойынша берешектің болмауы, сондай-ақ еңбек даулары мен жанжалдардың болмауы;
- Оң қоғамдық және іскерлік беделдің болуы;
- Заңнаманы және іскерлік этика нормаларын бұзу фактілерінің болмауы.
Конкурсты өткізу тәртібі:
Өтінімдерді қабылдау https://altynsapa.kz ресми сайтында 1 қазанға дейін онлайн режимде жүзеге асырылады.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі осы жылғы 31 желтоқсаннан кешіктірілмей салтанатты түрде өткізіледі.
«Адал Азамат» конкурсы – бұл кәсіпкерлер үшін тұрақты даму, адалдық және әлеуметтік жауапкершілік құндылықтарына деген адалдықтарын көрсету, сондай-ақ қоғамдық мойындау мен қолдау алу мүмкіндігі.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: