«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Қарағанды облысында мектеп оқушылары мен колледж студенттеріне арналған бизнес-идеялар байқауы басталды

2025 жылғы 03 Қыркүйек
- Қарағанды облысы
325 просмотров

Жоба ұйымдастырушысы – Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңес. Байқаудың финалы мен марапаттау рәсімі алғаш рет атап өтілетін Кәсіпкерлер күні –29 қазанда өтеді.

Өңірлік кеңестің төрағасы Владимир Алескеров бұл жобаның басты мақсаты – Жұмысшы кәсіптер жылы аясында белсенді жастарды қолдау және бизнес келешегін көрсету екенін атап өтті.

Өтінімдерді қабылдау 2 қыркүйекте басталып, бір айға созылады. Қазанда қазылар алқасы үздік жобаларды іріктеп алады, ал финалистер өз идеяларын көпшілік алдында таныстырады. Байқауға 18 жасқа дейінгі мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатыса алады. Міндетті талап – жобаны жеке қорғау.

Байқау ұйымдастырушылары төрт басым бағытты айқындады:

1. Аграрлық-өнеркәсіп кешені және қайта өңдеу өнеркәсібі.

2. Жасанды интеллект, робототехника және ақпараттық технологиялар.

3. Экология және бизнес шешімдері.

4. Өңдеу өнеркәсібі.

Әр бағытқа 1 миллион теңгеден жүлде қоры бөлінген, байқаудың жалпы қоры – 4 миллион теңге.

Жобалар өңірдің дамуына бағытталуға тиіс, ал авторлар өз идеяларын сарапшылар алдындақорғап, презентация жасау дағдыларын көрсетуіқажет. Өңірлік кеңес мүшелері бұл байқау жыл сайын жаңа бизнес-бастамаларды іздейтін және экономиканы дамытуға тың шешімдер ұсынатын алаңға айналады деп сенеді.

Байқау екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – «Бизнес-идея» (қашықтан). Қатысушылар өз идеяларының сипаттамасын онлайн форматта zh.bektursunova@gmail.com электронды поштасына жолдайды. Құжаттарды қабылдау2025 жылы 2 қыркүйекте басталып, 1 қазанда аяқталады. Қазылар алқасы жобаларды бағалап, екінші кезеңге өтетін үздік 20 идеяны таңдайды.

Екінші кезең – «Бизнес-жобаны қорғау».Финалистер Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709-үй, 2-қабат мекенжайындағы Өңірліккәсіпкерлер палатасының алаңында өз жобаларын комиссия алдында қорғайды. Қазылар шешімімен төрт жеңімпазға 1 миллион теңгеден табысталады. Байқау қорытындысы 2025 жылғы 29 қазанда жарияланады.

Қатысуға арналған құжаттарды zh.bektursunova@gmail.com поштасына жіберу қажет. Байланыс нөмірі: 8 701 925 05 77, ЖанарҚайырғалиқызы.

Байқау туралы толық ақпарат пен ереже Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Telegram-арнасында қолжетімді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174