Атырауда бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы «Біріңғай есеп беру күні» өтеді
25 қыркүйек күні Атырау қаласында бақылау-қадағалау органдарының бизнес-қоғамдастық алдындағы «Біріңғай есеп беру күні» өтеді. Іс-шара Атырау қаласы, Баймұханов көшесі, 45А мекенжайында орналасқан Н.У.Балғымбаев атындағы Коммуникацияларды дамыту орталығының ғимаратында сағат 15:00-де басталады.
Кездесудің мақсаты – атқарылған жұмыс туралы есеп беру, тексерулердің динамикасын талдау және бақылаушы органдар мен кәсіпкерлер арасында тығыз байланыс орнату. Мұндай іс-шаралар жыл сайын өткізіледі және олардың басты мақсаты – бизнестің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ кәсіпкерлік қызмет үшін қауіпсіз әрі ашық орта қалыптастыру.
Кездесу аясында кәсіпкерлерге келесі мүмкіндіктер ұсынылады:
* Міндетті талаптар бойынша түсіндірулер алу және кәсіпкерлікті реттейтін заңнамадағы соңғы өзгерістермен танысу;
* Бақылау-қадағалау органдары өкілдерінің тексерулер барысында анықталған ең жиі кездесетін заңбұзушылықтар туралы баяндамаларын тыңдау;
* Маман-спикерлерге тікелей сұрақ қойып, толғандырған мәселелер бойынша кәсіби түсініктемелер алу.
Іс-шара форматы кәсіпкерлерге:
* Өз мәселелері мен ұсыныстарын мемлекеттік орган өкілдеріне жеткізуге;
* Тексерулерге, рұқсат беру рәсімдеріне, санитарлық және экологиялық талаптарға байланысты жүйелі мәселелерді талқылауға қатысуға;
* Бақылау жүйесінің әділ және ашық болуына ықпал етуге мүмкіндік береді.
Айта кету керек, «Біріңғай есеп беру күні» елімізде жыл сайын өткізіліп келеді және өзін бизнестің құқықтық сауаттылығын арттырудың, заңбұзушылықтардың алдын алудың және мемлекет пен кәсіпкерлер арасындағы серіктестік қатынасты нығайтудың тиімді тетігі ретінде көрсетті.
Бұл бастама ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша әкімшілік кедергілерді азайту және кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайларды жеңілдету жөніндегі жалпы стратегия аясында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен жүзеге асырылуда.
Осыған байланысты Атырау облысының Кәсіпкерлер палатасы өңір кәсіпкерлерін аталған іс-шараға белсенді қатысуға және бизнес пен мемлекет арасындағы сындарлы өзара әрекеттестікті дамытуға үлес қосуға шақырады!
Пікір қалдыру:
Пікірлер: