Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында «Менторлық» курсы аясында шеберлік сабағы өтті
Аймақтағы әйел кәсіпкерлігін қолдау мен дамытуға бағытталған «Менторство» курсы аясында Ұлытау облысы кәсіпкерлер палатасында әйелдер кәсіпкерлігі мәселелері жөніндегі Саларалық кеңес мүшелері үшін шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Кездесудің тақырыбы – қазіргі таңда өзекті болып отырған «Титаник синдромы». Бұл ұғым бизнесті белгісіздік пен тәуекел жағдайында басқарудың психологиялық және стратегиялық қырларын ашады.
Шеберлік сабағына қатысушылар «Титаник синдромы» ұғымымен танысып, бұл терминнің кәсіпкерлердің айқын қауіп белгілерін елемей, өзгеріп жатқан жағдайларға қарамастан, алдын ала белгіленген бағытпен жүруін сипаттайтынын білді.Іс шараның спикері Орынкүл Сәдуақасова бизнестегі жиі кездесетін қателіктерден қалай аулақ болу керектігін, «айсбергтерді» дер кезінде байқау және нарық талаптарына икемді бейімделу жолдарын айтып өтті.
Іс-шара интерактивті форматта өтті – қатысушылар өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, пікір алмасып, жеке ұсынымдар алды. Кеңес мүшелерінің пікірінше, кездесу тек танымдық қана емес, сонымен қатар шабыттандыратын деңгейде өтті.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: