«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Бизнес құқығын қорғау: «Атамекен» ҰКП мен құқық қорғау органдары бірлескен шараларды қабылдады

2025 жылғы 22 Қыркүйек
311 просмотров

Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қылмыстық процесс аясында бизнестің құқығын қорғау мәселелері бойынша құқық қорғау органдарымен конструктивті ынтымақтастықты орнатуда.

ІІМ алаңында Министрдің орынбасары Санжар Әділовтың төрағалығымен және Бас прокуратура мен «Атамекен» ҰКП өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау мәселелері бойынша кеңес өтті.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Гүлнар Бижанова бизнесті алаңдататын негізгі мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда: азаматтық-құқықтық даулар негізінде қылмыстық істердің тіркелуі, олардың шамадан тыс ұзаққа созылуы және кәсіпкерлерге бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алудың қолданылуы.

Тараптар мазмұнды әрі нәтижелі диалог жүргізді: кәсіпкерлердің өтініштері қаралып, проблемалық мәселелер талқыланды, сондай-ақ заңнаманы жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленді.

Бас прокуратура, ІІМ және ҚМА бизнестің құқығын бұзуға жол бермеу мақсатында қадағалау сапасын арттыру және алдын алу шараларын енгізуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

ІІМ басшылығы аумақтық полиция бөлімшелері басшыларының жеке жауапкершілігіне ерекше назар аударды.

Сонымен бірге жасанды интеллекті енгізу маңызды бағыттардың бірі ретінде атап өтілді. Бұл жүйе тәуекелдерді болжауға және кәсіпкерлер құқығының бұзылуын алдын алуға мүмкіндік береді.

Осындай бірлескен қадамдар Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындап қана қоймай, сонымен қатар кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалаудан нақты қорғауға кепілдік беретін тетіктерді қалыптастырады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174