«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

Республика күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысында белсенді кәсіпкерлер мен Палата қызметкерлері марапатталды

2025 жылғы 24 Қазан
- Шығыс Қазақстан облысы
475 просмотров

Республика күні мерекесі қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасы Райымбек Баталовтың атынан өңірдің кәсіпкерлері мен Палата қызметкерлеріне алғыс хаттар, құрмет грамоталары, медальдер және төсбелгілер табыстады. Марапаттар кәсіпке адалдығы мен өңір кәсіпкерлігін дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

Салтанатты марапаттау рәсімі жылы және достық атмосферада өтті. Марапатталғандар қатарында:

  • «Іске адалдығы үшін» III дәрежелі медалі - «Балапан-1» және «Балапан-2» балабақшаларының директоры Бақыт Сырымбаева;
  • Құрмет грамотасы - «Өндірістік компания Izoterm» ЖШС директоры Маулен Сарсенов;
  • Құрмет грамотасы - «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС бас директоры Владимир Аксенов;
  • Алғыс хат - «РСС Групп» ЖК директоры Сымбат Рамазанов;
  • Алғыс хат - «Бердник В.В.» ЖК директоры, Сауда кәсіпкерлері қауымдастығының төрағасы Владимир Бердник;
  • Құрмет грамотасы - ШҚО кәсіпкерлер палатасының қызметкері Гүлнара Макажанова;
  • Алғыс хат - ШҚО кәсіпкерлер палатасының қызметкері Жұмағалиева Мақпал;

«Атамекен ҰҚП Құрметті қызметкері» төсбелгісі - ШҚО кәсіпкерлер палатасының Күршім аудандық филиалының директоры Надежда Потанина.

Айта кетсек, ШҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Қайрат Мамырбаев та «Іске адалдығы үшін» III дәрежелі медалімен марапатталды. Бұл марапат оған көп жылдық еңбегі, жоғары кәсібилігі және Шығыс Қазақстанның кәсіпкерлік ортасын дамытуға қосқан зор үлесі үшін берілді.

Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде Қайрат Мамырбаев өңір кәсіпкерлігінің жетістіктері кәсіпкерлер мен Палатаның тығыз ынтымақтастығының нәтижесі екенін атап өтті:

«Кәсіпкерлер - экономиканың тірегі. Олар өз еңбегімен жұмыс орындарын ашып, елдің дамуына үлес қосуда. Республика күні - бәріміздің ортақ мерекеміз, ел бірлігі мен болашаққа жауапкершіліктің символы. Өңір мен ел дамуына өз үлесін қосып жүрген барша азаматтарға алғыс айтамын», - деді Қайрат Нұржанович.

Марапатталғандар көрсетілген сенім мен ықылас үшін алғыс білдіріп, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қолдауы бизнестің сенімділігін арттырып, күрделі экономикалық жағдайда да дамуға серпін беретінін атап өтті.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер

405174