Түркістанда «Бизнесті қорғау» жобасы аясында отырыс өтті
Бүгін Түркістанда адвокаттар қауымдастығының өкілдерінің қатысуымен «Бизнесті қорғау» жобасы аясында кәсіпкерлік субъектілерінің проблемалық мәселелерін қарау жөніндегі отырыс өтті.
Іс-шараның мақсаты – қылмыстық процесс аясында бизнес субъектілерінің құқықтарын қорғау, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру барысында туындайтын әкімшілік кедергілерді азайту мәселелерін талқылау.
Жиынның жұмысына Түркістан облысының прокуратурасы, Экономикалық тергеп-тексеру департаменті, Полиция департаменті, сондай-ақ Түркістан облысы және Шымкент қаласы Адвокаттар алқаларының өкілдері қатысты.
Офлайн форматта Түркістан облысының прокуратурасы Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің заңдылығын қадағалау және қылмыстық қудалау басқармасының аға прокуроры Нұржан Мырзакерім және осы басқарманың прокуроры Ғалымжан Есен, сондай-ақ Түркістан облысы Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының басшысы Ермек Өсербаев пен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Халымжан Маматаев, ал онлайн форматта Шымкент қаласы Адвокаттар алқасының қорғаушылары қатысты.
Кездесу барысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, құқық қорғау және бақылаушы органдармен өзара іс-қимылды жетілдіру шаралары жан-жақты талқыланды.
Осы орайда Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амирова:
«Біздің мақсат – бизнеске қысым көрсетудің кез келген түрін азайтып, кәсіпкерлердің заңды құқықтарын қорғауды күшейту. Бұл бағыттағы әрбір кездесу нақты шешім қабылдауға және тиімді өзара іс-қимыл орнатуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша хаттамалық шешімдер қабылданып, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және бизнеске әкімшілік қысымды азайту бағытында бірлескен шараларды жалғастыру туралы келісімге келінді.
(1).jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)

.jpeg)
.jpeg)
.jpeg)


Пікір қалдыру:
Пікірлер: