Ұлытау облысының кәсіпкерлер палатасында өрт қауіпсіздігі талаптары мен бизнесті қорғау мәселелері талқыланды
Отырыс барысында қатысушылар өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін, оның ішінде жапсарлас үй-жайлары бар кәсіпкерлік нысандарына қойылатын талаптарды талқылады. Бұл ретте заңнама талаптарын сақтау мен кәсіпкерлердің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау арасындағы теңгерімді қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Өрт қауіпсіздігі нормаларын орындау бизнеске артық әкімшілік кедергілер келтірмей жүзеге асырылуы тиіс екені атап өтілді.
Аталған талаптардың барлығы құтқару және өртке қарсы жұмыстарды уақтылы жүргізуге, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезінде бизнес нысандарына келетін ықтимал залалды азайтуға бағытталғаны айтылды.
Палата директорының орынбасары Ғалымжан Жанатович кәсіпкерлер арасында түсіндіру жұмыстарының маңыздылығына, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен тәуекелдерді төмендету мәселесіне ерекше тоқталды. Оның айтуынша, бұл шаралар жоспардан тыс тексерулер санының азаюына және жергілікті бизнестің қаржылық шығындарын қысқартуға ықпал етеді.
Кездесу барысында көтерілген негізгі талаптардың бірі – ғимараттарға өрт сөндіру техникасының кедергісіз кіріп-шығуын қамтамасыз ету. Көптеген кәсіпкерлік субъектілерінде тұрғын үйлерге жапсарлас салынған коммерциялық құрылыстардың өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтіні айтылды. Атап айтқанда, мұндай нысандар өрт сөндіру техникасының, соның ішінде автосатылардың қолданылуын шектеп, өртті сөндіру мен адамдарды эвакуациялауға кедергі келтіреді. Сонымен қатар жапсарлас құрылыстардың кейбір бөліктері техникалық талаптарға (биіктігі мен ені) және жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес келмейтіні анықталды.
Отырыс қорытындысы бойынша тараптар қаладағы сәулет-қала құрылысы қызметіне бақылауды күшейту, бекітілген жобалау-сметалық құжаттамадан ауытқуға жол бермеу, сондай-ақ кәсіпкерлердің әрекеттеріне байланысты емес бұзушылықтар анықталған жағдайда олардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Кездесу соңында бизнес субъектілеріне өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Атап айтқанда, нысандарға еркін қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жарықтандыру жүйесінің жарамдылығына, қосалқы шығу жолдары мен өрт сатыларының болуына және олардың қолжетімділігіне назар аудару қажеттігі айтылды. Қатысушылар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау тек міндет қана емес, сонымен қатар бизнесті қорғаудың, мүлікті сақтаудың және қызметкерлер мен келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін атап өтті.
(1).jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)

.


Пікір қалдыру:
Пікірлер: