Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан «Атамекен»
Надежный партнер бизнеса

Рус

Алматы қаласындағы таза өндірістер жөніндегі салалық кеңесі отырысының қорытындысы

04 Июля 2025
- г. Алматы
268 просмотров

2025 жылы 3 шілдеде Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасында таза өндірістер жөніндегі салалық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Кеңес барысында өңдеу өнеркәсібі комитеті мен салалық кеңес арасындағы ынтымақтастық, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, отандық кәсіпорындарды жергілікті шикізатпен қамтамасыз ету, монополияға қарсы заңнамадағы өзгерістер, түнгі уақыттағы электр қуаты тарифтерін төмендету және отандық тауар өндірушілерді қолдау мәселелері талқыланды.

Талқылау нәтижесінде салалық кеңес пен «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі комитетінің қатысуымен тұрақты түрде бірлескен отырыстар өткізу туралы шешім қабылданды.

Келесі отырысты салалық кеңеске мүше кәсіпорындардың бірінде өткізу жоспарлануда.


Подписывайтесь на наш Telegram канал и оставайтесь в курсе последних новостей.

Дочерние организации

Партнеры