«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы
Бизнестің сенімді серіктесі

Қаз

«Атамекенде» «е-КТРМ» АЖ-ның проблемалары мен оларды шешу жолдары талқыланды

2025 жылғы 22 Шілде
850 просмотров

 «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «e-KTРM» техникалық реттеу ақпараттық жүйесінің жұмыс істеуінің өзекті мәселелерін талқылады.

«Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жәркеновтің төрағалығымен техникалық реттеу мәселелерін шешу шараларына арналған кеңеске ҚР Сауда және интеграция министрлігінің (СИМ), мамандандырылған бірлестіктердің, сондай-ақ, 100-ден астам аккредиттеу субъектілерінің өкілдері қатысты.

Жиында Тимур Жаркенов бүгінгі күні «е-КТРМ» АЖ-да жұмыс істеу кезінде белгілі бір қиындықтар туралы өтініштер түсіп жатқанын атап өтті. Олар ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкестік туралы сертификаттар мен декларацияларды уақтылы және дұрыс ресімдеуді қиындатады.

Ерекше алаңдаушылықты «Қазақстандық сәйкестікті бағалау органдарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Дәулет Сүтемгенов пен «Қазақстандық техникалық реттеу және метрология жүйелері қауымдастығы» ЗТБ атқарушы директоры Дмитрий Савеленко білдірді.

«Біз үнемі өзгерістерден шаршадық. 2022 жылдан бастап осы ақпараттық жүйелермен тәжірибелік режимде өмір сүріп жатырмыз. Тіпті «е-Терезе» де бүгінде жетілдірілуде. Нәтижесінде клиенттердің кетуі байқалады. Қырғызстан тыныш жұмыс істейді және сертификаттар береді, өйткені олар уақытында қызмет көрсете алады, ал біз жасай алмаймыз. Бұл маңызды сигнал», - деді Дәулет Сүтемгенов.

Жиынға қатысушылар «е-КТРМ» АЖ-ның тұрақсыз жұмысы аккредиттеу субъектілеріне де, өтініш берушілерге де кері әсерін тигізетінін бірауыздан атап өтті. Жүйедегі техникалық ақауларға байланысты сәйкестік сертификаттарын тіркеуде кешіктірулер орын алып, бұл өз кезегінде тауарлардың шекарада тұрып қалуына әкеліп соғады және бизнесті тікелей қаржылық шығынға ұшыратады.

«Қателерді шешу үшін әзірлеушілерге үнемі хабарласып тұруға тура келеді. Құжаттар жоғалады, жүйеден декларациялар нөмірсіз келеді немесе заңды мекенжайы үнемі көрсетілмейді. Егер олар дереу түзетілмесе, оларды жоғалған ретінде тіркеуге тура келеді, бұл әкімшілік қиындықтар туғызады. Қателер тіркеу кезеңінде де пайда болады.

Және олар бірте-бірте түзетіліп жатқанымен, бұл процесс ұзаққа созылады. Бланктегі қандай да бір қателік анықталса, ол бұрын берілген сәйкестік туралы құжатты негізсіз етіп, оны қайта рәсімдеуді талап етеді. Бұл өтініш берушілер мен аккредитация субъектілері үшін қымбат уақыттың жоғалуына, қосымша қаржылық шығындар мен құқықтық тәуекелдерге алып келеді. Тауар шекарада тұрып қалып, бүлінуі мүмкін. Тендерлер өту мерзімі де өтіп кетеді. Бизнес ақпараттық жүйенің кесірінен экономикалық мүмкіндіктерден қолынан жіберіп алуы мүмкін болып қалады», - дейді Дмитрий Савеленко.

ҚР СИМ Цифрлық трансформация және өнімді таңбалау директорының орынбасары Әсет Өтеғалиев ақпараттық жүйенің техникалық мәселелерін бизнес қауымдастығымен бірлесіп шешуге дайын екенін білдірді.

Отырыс қорытындысы бойынша аккредиттеу субъектілері проблемалық мәселелердің тізімін «Атамекен» ҰКП-ға жолдайтыны туралы шешім қабылданды. Қауымдастықтың кейінгі шоғырландырылған ұстанымы Техникалық реттеу Комитетінің қарауына СИМ-ге жіберіледі.

Сондай-ақ бетпе-бет кездесулерді тікелей орнында – аккредиттелген ұйымдардың алаңдарында, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл бізге e-KTРM жүйесінде пайдаланушылар кездесетін қиындықтарды нақты көрсетуге және оларды қалай шешуге болатынын бірге талқылауға мүмкіндік береді.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер